Әйелдердің көлік тізгінін ұстауы түрлі пікірлерге ұшырап келеді. Пікірлердің басым көбінде «әйелдердің көлік жүргізуін ерлерге жетпейді, тіпті көлік жүргізе алмайды» деп қаралады. Бірақ жақында Норвегияда жасалған зерттеу нәтижесі бұл пікірлерге қайшы болып шықты. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазған еді.

Зерттеуді Норвегияның Автокөлік экономикасы институты жасады. Қортындысында әйел жүргізушілер әр сегіз жол апатының тек біреуіне ғана себепкер болады екен. Зерттеушілер көлік жүргізушілердің жасы, жынысы және жеке мінез-құлықтарын негізге алды. Сынақтың бірінші кезеңінде 1100 орта мектеп оқушысын (208 оқушыда жүргізу куәлігі бар) көлік тізгініне отырғызды. Екінші кезеңде 414 ересек адамның көлік жүргізуін бақылады.

Зерттеушілер бақылау кезінде екі топтың көлік жүргізудегі парқын және оның себептерін, тосын жағдайлардағы көңіл-күйлеріне бақылау жасады. Нәтижесінде, көлік жүргізу барысында радио қабылдағыш, ұялы телефоннан зардап шегушілер жас немесе жыныс айырмашылықтарына қарамайтыны белгілі болды. Одан өзге жағдайларда ғана жас және жыныстың айқын парығы болатыны анықталды. Зертеу қортындысы «Psychology Frontier» басылымына жарияланды.

Британдық «Daily Mail» басылымының зерттеушісі Оле Йохансонның: «Ер жүргізушілер арасында жас жігіттер мен «майталман жүргізушілер» арасында мінез құлық пен психологиялық күйдің әсеріне ұшырау айырмашылығы тым төмен. Бұдан сырт ер жүргізушілер үнемі көлікті толықтай бақылауда ұстап отырмын деп ойлайды. Міне бұл олардың әйел адамдардан осал жері. Әйелдер қашанда көлікті толық меңгеріп келе жатқанына күмәнді күйде болады. Бұл олардың көлік апатына ұшырауын барынша азайтатын ерекшелігі», – деген пікірін білдірді.

Зерттеуде тағы ұялы телефонның қолданысының артуы, көлік жүргізушілерінің назарын бөлетін ең үлкен себеп екені анықталды. Зерттеушілердің айтуынша көлік қозғалысы кезінде екі секунд мөлшерінде ұялы телефонға назар бөлінген жағдайда жол апатының тууы ықтималдығы 92 пайызға дейін жетеді. Бұл зерттеу тағы 81 пайыз ер адамның әйел жүргізушінің көлігінде өзін қауіпсіз сезіне алмайтынын да көрсетіп берді.

Сонымен, норвегиялық зерттеушілер әйел адамдардың көлік жүргізуі ерлерге қарағанда біршама қауіпсіз деген қортындыға келіп отыр. Бірақ, біз өмірде көптеген ер жүргізушілердің әйел жүргізушілерге наразылығына куә болып келеміз. Кім қалай ойлайды? Әйел жүргізушілер көлікті шынында қауіпсіз жүргізе ме ?

“The Qazaq Times”