Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар су тасқыны салдарымен күресу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
"Үш күн қатарынан қар аралас жаңбыр жауды. Қауіпті аймақтан халықты көшіру жұмыстары уақытында болды. Өскемен қаласында температура төмен, ал Үржар ауданында ауа температурасының жылы болуы қардың бірден еріп кетуіне әсер еуде", - делінген хабарламада.
Тараған ақпаратқа қарағанда 10 наурыздан бері жаңбыр жаууы салдарынан қар бірден еріген, ауа температурасы + 10°C-ден -5°C аралығында өзгерді. 1 наурыздан 11 наурызға дейін 53,2 мм жаңбыр жауып, бұл бір айда жауатын жаңбыр мөлшерінен 2 есеге көп болып отыр.
"Елді мекендерді арық каналдары бітеліп қалғаннан су басып жатыр. Кейбір жерлерде мүлде жоқ. Елді мекендерден суды бұру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады", - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оперативті штаб жұмыс істеп жатқан көрінеді. Құтқару жұмыстарына 1,032 адам, 286 бірлік техника, 56 қайық, 58 су сорғыш құрал жұмылдырылған. Әзірге облыста 70 үй мен 110 бау-бақшаны су басқаны, онда су сору жұмыстары жүргізілгені белгілі.
Су басқан үйлерден 400-ге жуық адам шығарылып, олар Аягөз қаласындағы №6 мектеп-интернатқа орналасқан, қалғаны туыстарының үйінде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?