Бұдан кейін мемлекеттік қарыз ерекше бақылауға алынатын болады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Ведомство басшысының сөзінше, қазіргі кезде мемлекеттік қарыздың деңгейі жалпы ішкі өнімнің (үкіметтің, Ұлттық банктің, жергілікті органдардың қарыздары) 26 пайызын құрайды.
"Мемлекеттік қарыз деңгейі ерекше бақылауға алыну керек. Қазіргі кезде бұл қауіпсіз деңгейде, ал әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша қарыз 2022 жылға дейін 23,7 пайызға қысқарады", - деді Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда Ұлттық қордың валюта қорын пайдалану концепциясы бойынша шектеулер (ковенант) бар екенін атап өтті.
"Қазіргі кезде ковенант 97,5 пайызды құрайды, сондықтан бұл мәселе біздің бақылауымызда. Біз бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз мөлшерін анықтайтын қосымшаны дайындадық. Ол қазіргі уақытта әділет министрлігінің қарауында, алдағы уақытта канцелярияға жіберіледі. Сондай-ақ, осы жылы барлық квазимемлекеттік секторлармен сыртқы қарыз көлемін келісу жөнінде жұмыстар жүргізіледі", - деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2017 жылдың 1 қазанындағы мәліметі бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы - 168 млрд доллар. Оның ішінде мемлекеттік және мемлекеттен кепілдік берілген қарыз көлемі 14,125 млрд долларды, басқа мемлекеттік қарыз 13,183 млрд долларды құрайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?