Бейсенбі күні жалпы отырыс барысында сенат 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған нұсқасын қабылдады. Құжатта шығыстарды 1,3 трлн теңгеге ұлғайту көзделген. Алайда мемлекеттік қарыз өсіп келе жатыр.
Республикалық бюджет шығыстарының өсуі дәстүрлі түрде Ұлттық қордан 850,0 млрд теңге сомасында трансферт есебінен және тапшылық көлемінің 2 трлн 760 млрд теңгеге дейін немесе ЖІӨ-ге 3,5%-ға дейін ұлғайған.
Жергілікті атқарушы органдардың қаржылық борышы 4 донор-өңірді қоспағанда бір жыл ішінде 2 есеге өскен. Олардың міндеттемелері республикалық бюджетке ауыр жүктеме болуы мүмкін.
Жалпы 2021 жылға арналған бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайтылып, 15,3 трлн теңге болды. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға – 844,4 млрд теңге, коронавируспен күреске бағытталған іс-шараларға – 265,3 млрд теңге, оның ішінде медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге – 69,5 млрд теңге, үкімет резервін ұлғайтуға – 100 млрд теңге, иммундық-биологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт құрылысын аяқтауға – 1,5 млрд теңге, Сovid-19 инфекциясына қарсы отандық кандидаттық вакцинаның суббірлікті және белсенділігі жойылған клиникалық зерттеулерінің I/II және III фазаларын жүргізуге – 1,4 млрд теңге. Сондай-ақ, президент Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларында берілген тапсырмаларын іске асыруға – 154,6 млрд теңге және мемлекеттің бұрын қабылданған міндеттемелерін іске асыруға – 182,7 млрд теңге бөлінді.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Үкімет Қазақстан ЖІӨ-нің 3,1% деңгейінде, номиналды ЖІӨ-нің 77 869 млрд теңгеге өседі дейді. Бұл цифрлар мақұлданған болжамнан 1 207 млрд теңгеге жоғары, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ – 9 655 мың АҚШ доллары.