29 наурыз күні Нью-Йоркте АҚШ-тың танымал «The Rook» атты комикс жасаушылары атақты жазушы Ствиен Кингке өздерінің басты кейіпкерінің образын «қараңғы қамал» сериялы кітабына «көшіріп» алғаны үшін 500 милион доллар көлемінде өтемақы талап етті деп хабарлайды tmz.com.
Айыптаушының айтуы бойынша Кингтің фантастикалық кітабының басты кейіпкері Роланд Дискейн, The Rook-тің Рестин Дэйн кейіпкерімен бірдей және мазмұнындағы « Олардың уақыт сапарына шығуы, құбыжықтармен айқасып, түрлі оқиғаларды бастан кешіруі» шығармада көп ұқасастықтар тапқан.Тіпті, Дэйн кейіпкеріне сәйкес Дискейін-де ковбойларша киінген және ондағы қамалдыңда образы ұқсас екенін алға тартып отыр.
Рестин Дэин комиксі 1977 жыл мен 1983 жылдар аралығында жарыққа шыққан. Ал Кингтің «қараңғы қамал» сериялы кітабы 1982 жылы баспа бетін көрген. Порталдың хабарлауы бойынша бұл ақпарат Кингтің романының желісі бойынша түсірілген Фильмнің жарнамасы көрерменге жол тартқан күні келіп түскен. Фильмнің әлемдік прокатқа түсуі шілде айына жоспарланған.
Түргенбұлақ
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?