Ресей склероз ауруына шалдыққандар үшін бірінші препараттарын жасап шығарды. «Ксемус» аталатын дәрі нарыққа үш жылдан кейін, яғни 2020 жылдан кейін ғана сатылымға шығуы мүмкін. Оған дейін клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдерінен өткізілуі қажет. Бұл туралы (ИБХРАН) Биоорганикалық химия Институтының директорының орынбасары, академик Александр Габибовтың сөзіне сілтеме жасап, Ria.ru хабарлайды.
«Аутоиммундық ауруларды дұрыс емдемейтін болса, қатерлі (онкологиялық) ісік пайда болады. Ал ондай ушыққан кезінде емдеу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Аутоиммундық аурулардың ішіне нейродегенеративті қабынатын склероз да бар», – дейді Габибов.
Оның айтуынша, қазір склерозды емдейтін дәрі-дәрмектер аз, бар болғанның өзінде олар шет елдік болып табылады, мысалы копаксон. Егер копаксонмен емдеудің құны мың доллар болса, академик Габибов ксемустың бағасы одан әлдеқайда арзан болатындығын айтады.
Ксемусты жасап шығарудағы мақсат: склерозбен ауыратындарды әлеуметтік белсенді болуға шақыру және жалпы терапияларды тиімді пайдалана отырып, ауруды толықтай емдеу.
Клиникалық зерттеудің алғашқы кезеңі аяқталған екен. 2020 жылға дейін зерттеудің тағы бірнеше кезеңдерінен өткізіп болған соң нарыққа ұсынады. Аталмыш препараттарды Ресейдегі неврология Институты мен Санкт-Петербургтағы (№ 31) склероз емдеу орталығы бірігіп жасап шығармақ.
«The Qazaq Times»