Бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды, әрі ол сәтті өтті деп бұрынғы президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев хабарлады.
Назарбаевтың баспасөз хатшысы: – Операция сәтті өтті. Президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, – деп жазды твиттер парақшасына.
Бұған дейін «Хабар 24» арнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц Назарбаевтың Астана ауруханаларының біріне жеткізілгенін хабарлаған.
– Менің дереккөздерім Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана ауруханаларының біріне жеткізілгенін айтты. Оның жүрегін тексеруден өткізуде. Медицина қызметкерлері жүрегіне операция жасауы мүмкін екенін мәлімдеді, – деген Аксютиц.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кеткен. 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасына дейін биліктегі ықпалы күшті болған. Сарапшылар Ақорда мен Назарбаевтың кеңсесі «Кітапхана» арасында текетірес барын жиі айтатын. Қанды оқиғадан кейін ол видеоүндеу жасап, «2019 жылдан бері зейнеткер екенін» айтқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі