Ресейде есірткіге тәуелділікке тоқтау салатын арнайы молекуланы ойлап тапты. 2023 жылға қарай бұл нашақорлыққа қарсы Ресейлік бірінші өнім болады деп жоспарлануда. Бұл туралы  «Известия» газеті хабарлайды.

Бұл препарат морфиннің наркотикалық аналогі ретінде жүрмейді. Ол нашақор адамның қанына жеткен кезде, организмде есірткіні миға өткізбейтін, антиденелер өндіріле бастайды. Яғни, адам бұл есірткіні қолданғаннан кейін, одан ләзза алмайды. Нәтижесінде қолдануды да тоқтатады. Зерттеуші ғалымдардың ойынша, жаңа препарат опоидті тәуелділікпен (героин, морфин, дезоморфин) күресуге көмектеседі. Емделу уақыты бір жылдан екі жылға дейін созылады.

«Осы уақытқа дейін қолданылып келген препараттар нашақорлардың 10-30 пайызын ғана емдеуге қауқарлы болған. Оның үстіне кері әсерлері көп болатын. Біздің дәрі детоксикациядан кейін қайта есірткілерді қолдандырмайтындай болады», – дейді Физиологиялық белсенді заттар лаборотриясының меңгерушісі РАН Марину Мягкова.

Биылғы, толық қолданысқа енгізілгенге дейін, жануарларға тәжірибе жасайды. Содан кейін ғана оны профилактикалық мақсатта  (мысалы, жасөспірімдерге) қолдануға болатын, болмайтынын анықтайды.  Нәтижесі оң болған жағдайда, ғалымдар аталмыш препаратты адамдарға ұсынатын болады. Мягкованың айтуынша, қазіргі уақытта дәрі-дәрмектің профилактика үшін қолданылуы жайлы  Денсаулық сақтау Министрлігінің позициясы белгісіз.

Ресейдің өзі өздері өндірмегендіктен, есірткіге тәуелділікті шет елдің дәр-дәрмектерімен емдейді екен. Жаңа препарат америкалық налтрексонның аналогі болып табылады екен.

Қазіргі уақытта, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 600 мың нашақор тіркелген. Алайда, Есірткімен күрес федерациясы ресми тіркелмеген нашақорлармен қоса есептегенде, ұзын саны 4-7 миллион адам адам екендігін жеткізген.

“The Qazaq Times”