«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын іске қосу жайында хабарлап, таныстырылымын жасады, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.  

Шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов, сонымен қатар бизнестің өкілдері мен ұйымдар қатысты.

«2 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ аясында тері таңбалауға сәйкес келісімге қол қойылған болатын. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлерге күрделі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп түрлі семинарлар өткізілді. Біз пилоттық жобаны жасауды ұсынып, тері бұйымдары категорияларын таңдадық. Таңбалау құны қымбат емес, құн бақылау (сәйкестендіру) таңбалары жүйесінде бекітілген. Тері қалдықтары бар кәсіпкерлер жоба іске қосылған уақыттан бастап күнтізбелік 90 күн ішінде  ал  импорттаушылар – еркін айналымға тауарларды шығарған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде таңбалауды жүргізуі тиіс. Таңбалау 3 түрден тұрады: қисық, аспалы және тігілмелі. Бұл процедуралар қорғанудың, яғни жасанды тауарлардан қорғанудың жоғары дәрежесі», – деді Дана Жүнісова.

Жоба әзірлеуші компания өкілдері таңбалау үдерісін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Таңбалауды жүргізу үшін ең алдымен шартқа отыру керек және GS1 Kazakhstan Қауымдастығында GTIN нөмірін алу керек. Кейіннен екінші деңгейдегі эмитентке (бақылау белгісіне тауар туралы ақпаратты енгізетін компания) жүгіну қажет. Оның міндетіне бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің дербестілігі кіреді. Үдеріс барынша ашық, egov.kz арқылы жүзеге асады.

Осы ретте кәсіпкер, тері бұйымдарын сатуға, оның ішінде көтерме сауда сатушыларынан соңғы өткізушілердің тері бұйымдарын қайта сатуы кезінде тек оларға бақылау белгілерін қойғаннан кейін шығара алады.

«Кәсіпкерлер ең алдымен және GS1 Kazakhstan Қауымдастығымен келісім-шарт жасауы керек. Бастапқыда біз осы компаниямен келісім бар кәсіпкерлермен жұмыс істедік. Түрлі сұрақтар ертеңнен бастап пайда болады деп ойлайды. Біз жобаны әзірлегенде кәсіпкерлерге барынша түсінікті әрі ыңғайлы жолдарды қарастырдық. Сондықтан кез келген кәсіпкер оңай өнімін таңбалай алады деп ойлаймыз. Пилоттық жобаның жүзеге асуы біздің қаншалықты міндетті орындағанымызды көрсетеді. Егер пилоты жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер тарапынан белгілі бір сұрақтар туындамаса, бұл ешкімнің жұмыс істемейтінін немесе барлығы мінсіз жасалғанын білдіреді, ал мұндай нәтиже болмайтыны анық. Сондықтар түрлі сұрақтар болады, жетілдіреміз, кәсіпкерлер «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР ҚМ МКК, тапсырыс берішулеріміздің ұсыныстарына құлақ түреміз. Бұл жоба сервистік модель негізінде әзірленді, «Зерде» компаниясы бізді байқау негізінде таңдады», – деді жобаны әзірлеуші компания өкілі Бейбіт Қазкенов.

Тері бұйымдарын таңбалау процедурасы адал бәсекелестік, нарықты заңсыз сатылымнан қорғау, зияткерлік меншік  құқығын сақтау, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге бағытталған, сондай-ақ, тұтынушы сатып алып жатқан тауардың шығу тегі жайында толықақпарат алып, контрафактіден сақтанады.

«Баға саясаты бойынша пилот бойынша тері бұйымдарына 400 теңге құн белгіленді. Ары қарай таңбалауға жататын тауарлар тізбесін ұлғайту көзделген.  жүйе тестілеу режимінде жасалған, енді тек қажетті опреацияларды есте сақтау керек. Келесі жылдың қағтар-ақпан айларында тиісті оқыту жүргіземіз. Пилоттық жоба аясында тауарын таңбаламағандар үшін ешқандай санкция қарастырылмаған. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер пилот қорытындысына талдау жасап, теріс және оң серпінін анықтап, ары қарай шара өолдануы керек»,– деді Арғын Қыпшақов.

Бұл жобас іске асса, Ресей мен Белорусь мемлекеттері негізінде дәрі-дәрмек және зергерлік бұйымдарды таңбалау қолға алу ұсынылуда.

“The Qazaq Times”