2016 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 9%-ға көбейіп, 13,9 млрд долларды құрады. Ал осы жылдың бірінші тоқсанындағы есепке мән берсек, қарыз сомасы 13,8 млрд доллар деген көрсеткішке ие болып отыр. Ranking агенттігі ұсынған мәлімет осындай.
2014-2015 жылдары Қазақстан елдегі стратегиялық мақсаттағы жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы институттарынан белсенді түрде қарыз алған. Нәтижесінде Үкіметтің басқа банктерге берешегі 2015 жылы бірден 65%-ға немесе 12,7 млрд долларға дейін өсті. Ал өткен жылғы нәтиже - 9%.
Мемлекеттің сыртқы қарызының 93%-ы, яғни 6,5 млрд доллары еуропалық облигацияларға тиесілі. Соның ішінде Дүниежүзілік банк алдындағы қарызымыз 4,1 млрд доллар болса, Азиялық даму банкіне берешегіміз 2,1 млрд доллар.
Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік банк алдындағы қарызы 2 млрд долларға жеткен. Бұл инвесторлар алдындағы қарыз деңгейін бірден 9 есеге немесе 35%-ға дейін өсіріп отыр. Осы жылдың алғашқы айларында алынған қаржы әзірге 67 млн доллар.
Ал Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі алдындағы қарыз 4%-ға, 0,5 млрд долларға қысқарса, 2016 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкіндегі қарызымыз керісінше, 0,2 млрд долларға (23%) дейін өскен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?