Вирус – (лат. Virus) жасушасыз инфекциялық агент. Оны тек клетка ішінде көбейе алатындықтан вирустар организмдердің барлық түрлерін, өсімдіктер мен жануарлардан бактериялар мен архейлерге дейін жұқтырады. Жер шарында қазірге дейін ғалымдар миллиондаған, тіпті жүз миллиондаған вирустар барын болжауда.
Вирустар өздерінің тіршілігін сақтау үшін жаратылыстан берілген қасиеті бойынша автоматты түрде бейімделуге қабылетті. Сондықтан біз миллиондаған вирустардың арасында жүрсекте олардың кез-келгені бізге жұға бермейді. Жұққан күнде де біздің организимдегі вирусқа қарсы иммунитеттік жүйе шабуылға өтіп бізді қорғайды. Алайда қазір біз вирус қаупіне өте жиі келе бастадық. Бұған себеп болған дүние -жүз мыңдаған жылдар өз жүйесін өзі реттеп тұрған тұмса табиғатқа (ормандар,таулар,көлдерге) адамдар кенеттен атой салып,табиғаттің нәзік заңдылықтарын бұзып,классикалық болмған қарым-қатынастар жасау арқылы бізбен әлі ұшыраспаған,ұшырасуға тиіс емес вирустарды адамдар ортасына алып келді. Оған мысал ретін қазірге дейін емі жоқ айдз вирусын айтуға болады...
Вируспен күрес-адамзаттың өткені,бүгіні жане келешегі. Мыңдаған жылдар адамзат вируспен бірге жасады,әртүрлі жолмен таныды,зерттеді,күресті. Дегенмен 19-ғасырда техниканың дамуына ілесе вирусты жаңаша әдістермен тануға,оның құрылымын зерттеуге мүмкіндік туды. Алғашқы механикалық микроскоптардың,кейінгі жоғары көрсеткішті цифрлық микроскоптармен нанотехнолгиялардың көмегімен ғалымдар вирусты зерттеуге ішкерлей кірді. Қазір әлемдегі озық жоғары оқу-зерттеу орындарында микробиология,вируслогия өз алдына үлкен ғылым ретінде қалыптасып,адамзаттың биологиялық қауіпсіздігін қорғау үшін әртүрлі әдістермен технолгияларды жасауда. Соның нәтижесінде көзге көрінбейтін вирусқа қарсы әдістемелердің бірі –Вакциналар жасалды.
Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — микроорганизмдерден(вирус,бактерия...) үлгі алып, оны өңдеп,адам мен жануарлардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Вакцина жасалу технолгиясына,құрамына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін ең төменгі шекке түсіру, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. жұқпалы ауру дәрігерлері covid-19 жұқтырған науқастарды осы әдіспен емдеуде.
Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық,химиялық жолмен күшін жою арқылы алынады.
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады.
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар...
Жоғарыдағы әдісті әлемдік жане отандық микробиолог ғалымдардың алғаш пендамия басталған кезде қолға алып зерттеп жасай бастады. Ақпарат құралдарында «АҚШ вакцина жасап шықты,Қытай жасап шықты,Европа жасап шықты!» деген шүйіншілеген ақпаратты күнде көргенімізбен,бізге жуық арада вакцина жете қою екіталай. вакцинация жасағаннан кейінгі әр мерзімдердегі әсерін,антидене қалыптастру көрсеткішін бағалау үшін вакцинаны клникалық сынақтап өткізуге аз уақыт кетпейді. Қысқа уақтта дайын болған күндеде оның нәтижелеріне күдікпен қарауға тура келеді.
Вакцина зерттеу,вакцина жасау-адамзаттың вирусқа қарсы еңбегінің таза жеңісі-жемісі ғана емес,ол қазір фармакологиялық алпауыттардың бизнесі жане өндірісі. Соңғы он жылдықта биологиялық қауіп-қатердің ядролық қауіптен әлде қайда қатерлі екеніне сенгендіктен әлемдік ірі алпауыттар вируслогия ,микробиология зерттеу саласына миллярдтаған қаржылар аудара бастады. Осындай қомақты қаржы жүрген жерде әрине талас-тартыстар,бәсекелер,пропагандалар жүретіні даусыз. Солардың бірі Microsoft компаниясының негізін салушы Блл Гейтс ондаған жылдар ішінде денсаулық сақтау жане микробиолгия,вакцина саласына жүздеген миллярд қаржы бөлді. Билл Гейтс « Амазонка ормандарында,Гималай тауларында адамдардан алыс,мұздап жатқан,адамға жұғуы мүмкін он мыңдаған түрлі вирустар жатыр. Егер біз жер шарындағы табиғатты қорғай алмасақ,ғаламдық жылынуға тосқауыл жасай алмасақ ол вирустар Амазонка ормандарынан шығады. Гималай мұздығынан еріп ағып түседі. Сол кезде жер шарында адам сенгісіз эпидемия болуы мүмкін,біз вирустар бізге келмей тұрып,біз оларға барып зерттеуміз керек!» деді. Кейін алғашқы коронавирус жайлы науқан басталған кезде Биллдің сөзі оның өзіне тоқпақ болып тиіп,оған қарсы жане вакцинаға қарсы пропаганда өршіп кетті...
Олай болса вакцинация жайлы ақиқатпен аңызды қалай талдай аламыз?
Бізге үлгі болатын Европада,батыс қоғамында вакцинация қалай жүреді? Осы сұрақтар төңірегінде Германия жане Жапониядағы жағдайды зерттеп көрдік. Германияда дифтерия,қотыр,көкжөтел(коклюш) ,полимелит ,тетанус,херпес зостер,пневмококк бұлар әр көрсетілген жастар бойынша жасалуға тиіс вакцина. Ал бірақ міндетті емес. денсаулығы өте нашар, мүгедектер группы міндетті түрде жасалатын вакцинасы: Жаз айында көптеп кездесетін ФСМЕ( Менингитэнцопалапатиясы),гепатитА,Б,херпес зостер,инфлуенца(Грипп),Менингит,пневмококк,қызамық,толвут,Иттен жұғатын қояншық ауруы,шешек -осы вакциндер мүгедектерге, рак ауруымен ауырғандарға,жындыханалардағы аурулар үшін міндетті түрде жасалуы керек. 2020 жыл наурыздан бастап 1970-жылдан бері туған барлық шетелдік босқындар мен эмигранттарға өздерінен еш сұраусыз, қотырдың (масерн) вакцинасын жасайтын шешім қабылдады. Өйткені Ауғанстан мен Сирия, Ливиядан,Ирактан келген мигранттардың шамемен 100/60%-і қотыр. Сондықтан оларға,олардың туған бөбектеріне де үш айлығынан бастап вакцина жасайды. Германияда балаларға вакцин жасау үшін өте үлкен пропаганда жасалады. Көп ата аналар балаларына жасатады. ifSG- (Инфекционшутсгезетс) Бұл Германияның жұқпалы аурулар заңы . Бұл заң вакцинаны міндеттейді,зорламайды. Бірақ биылғы жылдың Наурыз айынан бастап ИФШГ заңы қайтадан талқыланып жатыр ,Германии: STIKO- бұл үй дәрігерлерінің өз науқастарына вакцина жасап жатыр ма,жоқ па соны қадағалап, тексеріп отыратын орталық,жоғарыдағы вакциналарды үкімет өтейді. Ал жолаушылар үшін, саяқатқа шығарда жасалатын: ГепатитА&Б вакциналарын кісі өзі төлйді.
Ал Жапонияда Вакцинациялар туралы заң (Yobo Shouhou, 1948 жылғы №68 Заң) денсаулық сақтау минстірлігінің жұқпалы аурулардың алдын алу жане таралмауына арналған вакцинациялуады реттеуді қарастырады. Ол 1948 жылы 30 маусымда жасалды. 2020 жылдың қаңтарында тек негізгі тармақтар алты өзгеріс жасалды,14 ауруды жұқпалы ауруды вакцинация жасауға міндеттеді, алайда зорлықпен атқару жоқ. Олар Дифтерия-11 жас және 13 жас, 2 Пертуссис, Жедел полиомиелит - 3 айдан 90 жас, Қызылша-2-12 жас, Жапон энцефалиті-9-12 жас, Тетанус- 3-90 айға дейін жане 11-13 жас, туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы- 1 жасқа дейін, Hib тұмауына қарсы вакцина-туғаннан бастап 5 жасқа дейін, пневмококкке қарсы вакцина-5 жасқа дейінгі балалар, папилломавирустық вакцина-12 жасқа дейін,жане 16 жасқа толған кезде, шешек, Варикелла- 36 айға дейін, Тұмауға қарсы вакцина- барлық 65 жастан асқан адамдарға міндетті. Алайда зорлық жоқ.
Жапонияда вакцинацияның үш түрі бар: «тұрақты вакцинация», «уақытша вакцинация» , «ерікті вакцинация». Олардың алдынғы екеуі вакцинация туралы заңға сәйкес вакцинацияланады. ал вакцинациялау ұлттық және жергілікті басқару органдарынан толық қаржыландырумен болады. Сонымен қатар, егер заңды иммундау нәтижесінде жанама әсерлер пайда болса, иммундау туралы Заңның негізінде мүгедек болған немесе қайтыс болғандардың адамдардың отбасыларына өтемақы төлейді.
60-шы жылдардан бастап Жапонияда жұқпалы аурулардан зардап шеккендер мен өлім-жітімдердің санын вакцинацияны сәтті өткізудің арқасында азайтты, алайда, вакцинацияның кейбір жанама әсерлері де байқалды және елге келтірілген зиян туралы шағымдар болды. Сондай-ақ конституциялық құқыты талап етейтін сот процесстері де болды. Осы әлеуметтік негізді ескере отырып, 1948 жылы алғаш қабылданған вакцинация туралы заң «қылмыстық жазалаулармен міндетті вакцинациялау» заңындағы жазалау тармақтарын 1976 жылдары алып тастап,денсаулыққа зиянды азайту жүйесі құрылды. 1994 жылы жоспарлы иммундау «күш салу міндеті» ретінде өзгертілді . Жапония вакциналау заңында жұқпалы ауруларды таралуын алдын алудан бұрын,адамдардың жеке құқытарын қорғау сипаты көрнектіленгендіктен әртүрлі вакцинация көрсеткіші жылдан-жылға төмендеп, жұқпалы аурлар індеті проблемаға айналды. Қазір жапонияда бұл заңды реттеудің басқада тетіктерін қарастырып жатыр.
Қазақстанда өкімет тегін ұсынатын вакциналар-туберкулез(BCG),гепатит,полиомиелит,көкжөтел,дифтерия және сіреспе (DTP),г типті гемофильді инфекция,пневмококк инфекциясына қарсы вакцина,қызылша, паротиттерден (паротит). Бұл вакциналар заңмен міндеттелген. Алайда зорлық жоқ. Заңдық жаза қарастырылмаған. Алайда коллективтік иммуниттет қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін вакцина жасалмаған балалар балабақшаға баруына болмайды. Өйткені жас балалардағы вакцинацияның нәтижесі-ол коллективттік иммунитет қалыптастратын пайызға тікелей байланысты. Әр 10 баланың 7 сі вакцинацияланбаған жағдайда вакцинаның нәтижесіне еш кепілдік болмайды.
Вакцина жайлы заңдардың дамыған елдерде бастапқыда қатаң,заңдық жазалаулар арқылы іске асырылып,адамның құқытық таңдауларына байланысты жазалау әді тетіктерін кейіндеп алып тастағанын байқаймыз. Жапонияда,Гарманияда эпидимолг мамандар заңның жұмсақтығын пайдаланған адамдар міндетті вакциналарға мән бермеу,бас тарту көбейгендіктен вакцинацияланған адам салыстырмасы сәйкесінше төмендеп,коллективтік иммунитеттің қалыптасуына кері әсер етіп жатқанын айтуда. Вакциналау туралы заңның құқықтық сипатына баса мән берілгенмен аурудың таралуына,адамдарға жұқпалы аурулардың қатері ескерілмей,эпидемия қаупінің өсуіне әкеліп отыр. Соған байланысты Гармания өкіметі «вакцинациалау туралы заңын» қайта қарауда.
Вакцинаны тасымалдау,сақтау,қолдану ережелерінің сақталмауына байланысты вакцинаның адам денсаулығына кері әсер беретін жағдайлары- кейде кісі өліміне,мүгедектікке әкелу мүмкін. Бұл жағдай Қазақстан қоғамында да жиі орын алып,халықтың вакцинациялауға қарсы қорқынышын туғызуда. Тіпті вакцинация жасаудың жанамалай беретін кері әсерінен басқа «адамдардың ұрпақ қалдыру қабылетынен айыру,ЧИП қойып мәңгүрт етіп басқару» деген сияқты мифтік аңызға бергісіз ақпараттар тарп,халықтың вакцина аллуына,сол арқылы жұқпалы аруруға қарсы қауіпсіздік шараларын жасауына кедергі келтіруде. Іс жүзінде жоғарыда айтқан үш түрлі вакцина жасау технологиясында адамның тұқым жолын ойрандайтын, немесе микро ЧИП салу қарастырылмаған. Ал ЧИПтау тақырыбына келсек ол вакцинасыз да біздің адамзттың өміріне дендеп кіріп келе жатқан осы заманғы технологияның жетістігі.
ЧИП- микросхеманың бір үлгісі. Бір ЧИП қа бүтін бір немесе бірнеше микропроцессорді сидыруға болады. Жане сол арқылы әртүрлі ақпараттар,программаларды орнатып,белгілі функцияларды атқартуға мүмкіндік бар. Микро чиптың адрестеу,ізге түсу,банктік төлем жүйесі,қауіпсіздік жүйесі,товарларды ұрдаудан сақтау,жан-жануарларды зерттеуге қолдану саласынан басқа медицина саласында микро ЧИП қолданысқа енгеніне ондаған жылдар болды. Эпилепсия, Паркинсона и Альцгеймер сияқты өзін меңгеру,тепе-теңдік жүйесін жоғалтқан науқастарға микропроцессорлы чип қою жане оны нервтік жүйелерге адаптациялау арқылы адамға жасанды интелектуал беру арқылы науқастарға көптеген жеңілдіктер ұсынылуда. Бұл технология алыс шетелде ғана болып жатқан жоқ,Астанадағы ұлттық медициналық орталықтарда он жылдан бері жасалып жатқан жұмыстар. Ал бұл технологияның әрі қарай дамуына байланысты болашақта нерв жүйесі арқылы ақыл-ой,тепе-теңдікке әсер ететін аурулардың қиындығы белгілі деңгейде шешіліп,мыңдаған мүгелектер қалыпты адамдар сияқы қатарымызға қосылуы әбден мүмкін. Болашақта жоғары технолгиялық саланың адамдарының есте сақтау қабылетін үстемелеу,ақыл-ой еңбегін жоғарлату үшін өз еркімен осы технологияның көмегіне жүгінетін заманда келуі мүмкін. Көп тіл үйрену,күрделі схемаларды,инструкцияларды есте сақтау жане қолдану,тағы басқа өнімділікті арттыруға деген адамдардың талпынсы микрочиптың әрі қарай көп функцияналды,күрделі қызметтер атқаруына жетелей беретіні сөзсіз. Олай болса біздің алдағы болашақ-адам санасына симайтын жаңалықтармен технологияның ғасыры болады. Ол жаңалықтардан үркіу,қашу мүмкін емес.
Чип арқылы мәңгүрттендіру,бір орталықтан басқаруға келетін болсақ ол процесс біздің қолымызға мобилді интернет келгеннен басталған. Миллярдтаған адамдар әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпараттарды оқу,есту,көру жане оны тарату арқылы-ақ әртүрлі пропоганданың құрбаны болуда. Сананы меңгеру үшін миға чип қоюдың қажті қалған жоқ. Қайта осындай мифтың сананы жаулап,біздің өз қауіпсіздігімізді ойлауымызға ақпараттық кедергілер жасалуы,жане оны біз өзіміз қолдап отырумыз бізге мәңгүрттік ғасыр жеткенінен дерек береді. Алда 5G интернет келе жатыр. Ол кездегі ақпараттық технологияның иландыру,елестету мүмкіндігі бүгінгіден жүз,мың есе жоғары болады. Ол кездегі пропоганда,фейк ақпараттарды анықтаудың мүмкіндігі тіптен болмай қалады....
Вирус,вакцина,ЧИП- бұл осы жане келесі ғасырлардың негізгі тақырыптары. Адамзаттың ендігі келешегі микробилогиямен микросхемаларға тікелей байланысты. Келешекте озық,қуатты елдер ірі рекаталарға қондырылған ядеролық оқ тұмсықтар арқылы,ірі бронды техникалар,танкілер арқылы шайқасқа шықпайды. Ендігі майдан микробиологиялық жане микропроцессор,микросхемалар арқылы болады. Олай болса біз вирусқа қарсы вакцинаны ғылыми стандарттарға сай қабылдап, өз денемізде иммунитет қалыптастырып,келешекте болатын вирустық-биологиялық қауіп-қатерден қорғансақ,ғылым-техниканы игере отырып,тани отырып,әлемдегі ақпараттық технология арқылы болып жатқан санамызға түскен «вирусқа қарсы иммунитет» қалыптастырамыз.
Біз мемлекеттік биологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық программасын жане электроникалық-ақпараттық қауіпсіздіктің стратегиялық программасын қабылдамай,жане сол салада істейтін профессионалдарды дайындайтын жане істете алатын мемлекеттік жүйені жасамай тәуелсіздігімізді сақтап тұра алмаймыз.
Мәңгілік ел болу үшін мәңгілік бір жерде қалмай,дамып, жетіліп, өзгеріп отыруымыз керек.
Serik Muratkhan
"The Qazaq Times"