Америка ғалымдарының зерттеуінше, сериялы түрде шығатын  биосенсерлер адамдағы аурудың алғашқы белгілері байқалмас бұрын,  диагнозды  анықтайды – деп хабарлайды Naked-science.

Физиологиялық параметрлерді өлшейтін құралдар денсаулықтағы өзгерістерді анықтайтыны белгілі. Мәселен, біз білетін жүрек қағысын, қан қысымын немесе дене қызуыңды өлшейтін құрылғылар белгілі бір технологиялық жүйемен шектелген. Бүгінгі таңда, өзіңнің денсаулығыңды бақылап отыру үшін көпфункционалды аппараттарды (мәселен, термометр) қолдануға болады. Алайда, бәрібір ауру бар-жоғын анықтап, диагнозын қоятын – дәрігер. Сол себепті, ғалымдар диагностиканы жеңілдету жолдарын анықтамақ.

Стэнфорд университеті, Медицина мектебінің мамандары жаңа жобалары: биосенсор, трикодерм, фитнес-білезік, пульсоксиметрді тәжірибеден өткізді. Оған 35-70 жас арасындағы 43 адам қатысқан. Оның ішіндегі бір адам барлық жеті құрылғыны, ал қалғандары бір-бір құрылғыны бір жыл бойы қолданып шықты.

Бұл жұмыстың мақсаты: жалғыз адамға ғана (58 жастағы ер адам) қолданысқа берген барлық 7 биосенсерлердің диагностикалық тиімділігін анықтау. Күн сайын оған 250 мың дене параметрлеріне өлшеу жүргізген.

Нәтижесінде, 7 биосенсерден тұратын жүйе ер адам ұшаққа отырған кезінде SpO2 оттегінің капиллярлық қанығу деңгейі төмендегенін көрсеткен. Сонымен қатар, үш күннің ішінде Лайм ауруының және организмде қабыну бар екенін анықтаған.

Ғалымдардың айтуынша, бұндай құрылғыларды қолдану медицинаның жеке салаларын дамытуға септігін тигізеді. Бұл техниканы адамдардың қалауына сәйкес беймдеуге болады. Иә, тағы да техника. Өткен аптада ғалымдардың жасанды-интеллекті бар роботтар ойлап тапқаны жайлы айтып едік, осы жолы адам диагнозын дәрігерлерден бұрын анықтайтын құрылғы шыққанын білдік. Білікті мамандар санын емес, ғалымдардың ойлап тауып жатқан осындай ғажайып-техникаларын арттыру адамзат үшін қаншалықты тиімді? Сіз қалай ойлайсыз, қымбатты оқырман?

«The Qazaq Times»