Халықаралық Мобильді Конгресс аясында (MWC) ұсынылған басты жаңалық: Samsung Galaxy Tab S3 пен Samsung Galaxy Book планшеттері болды. Аталмыш көрме ұйымдастырылардан бұрын да,   осы екі планшеттің шығатындығы турасында және мүмкіндіктері  белгілі болған. 

Samsung Galaxy Tab S3 .
Фото: 42.tut.by

Samsung Electronics  автоларда, кәсіби және тұтынушылық сегменттердегі дыбыс жетілдіруші HARMAN International Industries компаниясымен бірігіп, Samsung Galaxy құрылғыларының дыбыстық мүмкіндіктерін жаңа деңгейге шығарып жатыр. Енді Samsung қолданушылары HARMAN-ның Grammy® сыйлығына белгіленген, AKG технологияларын пайдалана алады.

Samsung Galaxy Book . Фото: 3dnews

Сонымен қатар, Samsung Electronics компаниясы Samsung Galaxy Tab S3 (Бірінші Snapdragon820 өнімі) пен Samsung Galaxy Book планшеттерін ұсынады – озық технологиялар негізінде салынған және пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Ал Galaxy Book планшетінің өңдеу қуаты мықты және жоғары технология өнімдеріне аса үлкен қызығушылық танытатындар үшін таптырмайтын құрал.

«The Qazaq Times»