Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам. Абай ұсынған «толық адам» концепциясы Президенттің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалғасын тапты. Рухани жағынан бай адамұлттық бірегейлік пен ұлттық коды сақтаған, санасы ашық,  білімді, ұлтының патриотын»- қалыптастыруымыз керек деп атап көрсетті.

Кез-келген қоғамның басты байлығы адам. Олай болса, ежелгі ойшылдар мен мемлекет қайраткерлерінің  адам туралы құнды ойлары біз үшін маңызды. Олардың еңбектерінде адамның рухани құндылықтары жоғары бағаланған. Әл-Фараби өзінің моральдық  ілімінде парасатты адам  туралы ой-қозғайды. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты  трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: адам бойындағы білім мен ғылымға баса назар аударады. Әл-Фарабидің осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан.  «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек,- дейді. Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам. Абай ұсынған «толық адам» концепциясы Президенттің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалғасын тапты. Рухани жағынан бай адамұлттық бірегейлік пен ұлттық коды сақтаған, санасы ашық,  білімді, ұлтының патриотын»- қалыптастыруымыз керек деп атап көрсетті. Олай болса, Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамның басты байлығы адам капиталын дамытуға бағытталған.

Адам капиталы адамның  сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын, табиғи болмысы мен  әлеуметтік мәні бар  қабілеті, білімі, білігі, дағдысы қалыптасқан қоғамның ең басты қозғаушы күші. Білім беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан, адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде қарастырылады.

Адам капиталынұдайы өсірудің алғы шарттарына адамның  жанұясының материалдық жетістігі, оның жеке байланыстары, мәдени деңгейі  жатады. Егер де қоғам жанұяны қолдап, оның өзіндік саясатының іске асуына инвестициялар салса, жанұяның материалдық байлығын өсіріп қана қоймай, білімді, ұлттық құндылықтарды сақтаған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеуге жағдай  жасайды. Жеке адамәлеуметтік тұлға ретінде тек жанұяда ғана қалыптасатындықтан, қоғамның рухани игіліктерін бойына дарытқан, білімді де білікті кәсіби маманбіздің жарқын болашағымыздың кепілі болмақ. Гордон Драйден мен Джанет Востың «Білім беру революциясы» кітабында  білім беру саласында осы заманғы әлемнің көптеген елдеріне тән проблема тамаша баяндалған: «Әлем сондайлық жедел өзгеруде, ал білім жүйесі сондайлық оралымсыз да жігерсіз, ол бейнебір уақыттың торына түсіп қалғандай, әлдеқашан аяқталған өткен дәуірге қызмет көрсетуін жалғастырып келеді»-деген сөзін айта кеткен де жөн болар. Қазіргі ғылымы мен технологиясы өрістеп дамыған Германия, Жапония сияқты елдер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ең басты капитал, адам капиталын дамытуға баса назар аударып, оның жемісін қазір бүкіл қоғам болып көріп отыр. Адам капиталын дамытудағы ең басты инвеститция білім беру саласына бағытталуы керек. Қазіргі біздің қоғамда жүргізіліп отырған білім саласындағы басы бар аяғы реформалар емес жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жаңа бағыт керек. Оның алғашқы табалдырығы мектеп, одан кейінгі сатысы кәсіптік-техникалық білім беру, одан кейінгі сатысы жоғарғы білім беру болмақ. Мектептерді бүгінгідей жалпы білім беретін-жай мектеп және мектеп-гимазиялар мен лицейлер деп бөліп ондағы оқушылардың білім потенциалына баса назар аударып, үлгерімі төмен оқушыларды аталған жай мектептерге ауыстырып, соңында осы жай мектепті бітіріп шыққан оқушылар кәсіби мамдыққа яғни колледждерде оқып, бітіргенен кейін қоғамдағы кәсіби мамандардың қатарын толықтырса. Қазіргідей саны бар сапасы жоқ жоғарғы оқу орындарын қысқартып, еліміздегі іргелі жоғарғы оқу орындары Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, С. Демирел атындағы университеттерді Гарвард, Оксфорт университеттерімен терезесі теңесетін деңгейге көтеру, бұл игі істердің барлығы еліміздегі адам капиталын дамытуға жол ашары сөзсіз. Джон Кеннеди  айтқанындай: «Бізге ешқашан болмаған нәрсе туралы армандауға қабілетті адамдар керек».

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, қазіргі ғылым мен білімнің алдына үлкен міндет қояды. Жоғары технологиялық білім  дағдылары қалыптасқан, нарықтық экономиканы еркін бағдарлай  алатын жоғары білікті мамандар қоғамда белсенді қызмет жасағанда ғана бұл мәселе түбегейлішешілетін болады.

Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған болатын. Кәкім Абай айтпақшы  өзгелерден әрқашан ақыл, білімімізбен озбасақ, оздым деуміз бекер болмақ.

Тортаева Қапиза Долдашқызы,

 Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің оқытушысы

 “The Qazaq Times”