Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау аулындағы М. И. Калининнің ескерткіші алынып тасталды. Оның орнына "Алаш арыстарына" арналған ескерткіш қойылмақ.
Тұздыбастаудан өтетін жол бойындағы Калининнің ескерткішін алып тастау туралы бастамалар бұдан бірнеше жыл бұрын көтерілген. "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық бірлестігі Калининге арналған ескерткіштің орнына Алаш арыстарыналған ескерткіш қою бастамасын көтеріп келген.

Калинин ескерткіші. Фото: QT,
"Алашқа" арналған жаңа монументтің авторы, "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық бірлестігінің бұрынғы төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлы бұл туралы: "Калининге қойылған ескерткіш 2017 жылы алынуы керек еді. "Алаштың" 100 жылдығына арналған ескерткіштің жобасы да дайын болған. Алайда, әкімшілік тарап бұл орынға жол айрығы түседі деп тоқтатқан болатын. "Алашқа" арналған ескерткішті қоюдың сәті бүгін түсіп отыр", – дейді.

Орнына "Алаш" арыстарына арналған ескерткіш орнатылмақ. Фото: QT.
Бейсенғазы Сәдуұлы ескерткіштің ауыстырылуына байланысты Талғар аудандық Мәдениет бөлімі мен Тұзды бастау әкімінің ерекше алғысын білдіріп отыр. Бұндай шаралар отарсыздану үрдісінің жүріп жатқанын, "рухани жаңғырудың" іс-жүзіндегі көрінісі деп санайды жоба авторы.
Жол бойындағы Калинин ескерткішінен кейін Тұздыбастау ауылы Мәдениет ұйының алдындағы Калинин монументі де алынбақ.


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді