Корей түбегі шиеленісі күшейген сайын, АҚШ пен Солтүстік Корея арасында соғыс туылу қауіпі барған сайын артты. АҚШ келіссөз жүргізуді алдыңғы кезекке қоятынын айтқанымен, бір күн бұрын өткен Ақүй құпия жиналысынан кейін АҚШ қарулы күштері қарбалас әрекетке өтті. Егер шынымен де екі ел арасында соғыс туылып жатса, онда бұл әлемдегі соңғы 60 жылдан бергі зардабы ең ауыр соғыс болады. Соғыстың сұрапыл әрі, зардабының ауыр болатындығын АҚШ Қорғаныс өкілдері де талай рет айтып ескертті.
Себебі, Солтүстік Корея бұдан бұрын АҚШ әскер кіргізген орта шығыс елдеріне ұқсамайды. Халықтың жартысынан көбі ашаршылықта отырса да, 1 млн 200 мың әскерін соғысқа дайындап отыр. Ядролық қаруларын айтпаған күннің өзінде құрлық армиясында қуатты артиллериялық қосыны бар. Өзіне қарсы шабуыл басталған жағдайда бүкіл халық болып соғысқа шығатын идеологиялық тұтастыққа күштеп жұмылдырылған. Олай болса, келіссөздер жүргізу сәтсіз болып, екі ел ашық соғысты таңдаса АҚШ қандай соғыс тактикасын қолдануы мүмкін? Немесе АҚШ-тың соғыс қуаты сірә қай деңгейде?
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап, АҚШ-тың әуе күштерін негіз етіп, қарсы жағын соққылау тәсілін жұрттың бәрі біледі. Алайда қазір АҚШ армиясы бір ғана құрлық армия бригадасын пайдаланып, неше миллион құрлық қосынына төтеп беру қуатына ие. Себебі, соғыс туыла қалса АҚШ армиясы үшін дәстүрлі соғыс айлаларын қолданып, құрлықта жау қосынымен бетпе-бет кездесудің қажеті қалмады. Қарсы жақты теңіз толқынындай күшті екпінмен соққылау, қоршау, тұтқиыл шабуылға өту т.б. бұлардың бәрі АҚШ әуе армиясы үшін ешбір қызығы қалмаған соғыс тактикалары. Тіпті бұл олар үшін өлер алдындағы жанталас немесе өзін өзі көрге итерумен бірдей.
Басм көп адамдар «Америка армиясында тек он неше полк бар, ауқымды құрлық соғысы туылса қалай төтеп береді» деп ойлайтыны анық. Құрлық қосынының аз екені де рас. Ал, оның есесіне оларда дамыған әскери техникалар мен аса қуатты қырғындағыш соғыс құралдары бар. Шын мәнісінде АҚШ армиясына құрлық бетінде соғыс жүргізудің еш керегі қалмады. Қажет болған жағдайда қолданатын тактикасы ерекше типтегі жойғыш бомба арқылы соққы беру. Жақында ғана бүкіл әлемге жойқын қырғындағыш соғыс қаруын сынақ ретінде көрсетті.
Салмағы 9,8 тонналық, «Бомбалар анасы» (GBU-43) аталатын жойқын қару, қазір әлемде ядролық қарудан кейінгі ең қуатты бомба болып саналады. Бұл қару «алапат бұлт жарғыш» деп те аталады. Яғни, ауада жарылғыш бомба. Ол шағын атом бомбасы немесе дәлдік дәрежесі 13 метр көлеміндегі сутегі бомбасына пара-пар. Жарылғаннан кейін құрамындағы жоғары энергиялы жанар зат ауамен қосылғанда күшті құйын тудырады да радиусы 10 шақырым аумақтағы барлық органикалық затты тұншықтырып өлтіреді. Сондықтан өзіне қарсы көлемді құрлық шабуылы жасалса, АҚШ армиясы MC-130 бомбалаушы ұшағы арқылы «Бұлт жарғышты» тастап, қырғындау әрекетін жүзеге асырады. АҚШ армиясында мұндай бомбадан он нешеуі бар.
АҚШ-тың мұндай соғыс тактикасының дамуы Вьетнам соғысы кезінен бастау алған. Вьетнам соғысында да жыныс орман арасында жаумен бетпе-бет келіп шығындалудан көрі жау армиясының негізгі бөлегіне жойқын қырғындағыш бомба арқылы шабуылдауды артық деп тапқан.
Бір сәтте тұтас бір әскери қосынды жойып жібере алатын аталған қаруға қарсы құрлық соғысын жүргізу мүмкіндігі өте аз. Мұндай шабуылға қарсы тұрудың бір ғана амалы – бомбалаушы ұшақтарын Мартин F-22 немесе Сухой T-50 секілді ұшу қарқыны 2 max-тан жоғары соғыс ұшақтар арқылы кеңістікке кіргізбеу. Алайда, Солтүстік Кореяда Ресейден кіргізген Су-27-ден өзге дамыған соғыс ұшағы кемде кем.
“The Qazaq Times”