Соңғы кезде державалар арасында әскери техникалық бәсеке өршіп тұр. Сол бәсеке де, шабуылдаушы соғыс ұшақтары державалар айбынына бірден бір өкілдік етіп келеді. Қазір әлемде жылдамдық пен икемділік жағында ең озық 6 түрлі соғыс ұшағы бар. Бұлар қазіргі дәуірдің  сайыпқырандары саналады. WSJ басылымының анықтамасы.

Фото: undertheangsanatree . blogspot

6. Чыңду J-20 соғыс ұшағы (Сынақ мерзімінде)

Өндіруші елі: Қытай

Техникалық қуаты: 6 дана әуе зымыраны бар

Ең жоғары жылдамдығы: белгісіз

Ұшу аралығы: белгісіз

Мартин F-35. Фото: wordpress.com

5. Lockheed (Локхит) – Мартин F–35 жойғыш ұшақ

Өндіруші елі: АҚШ

Техникалық қуаты: 2 орта қашықтағы әуе зымыраны және  1000 фунт бомбыдан 2 данасы орнатылған.

Ең жоғары жылдамдығы: 1,6 Мах. ( 1 мах = 1080км/сағ)

Ұшу аралығы: 1,381 ағл. миль

Eurofighter Typhoon. Фото: airsoc.com

4. Eurofighter Typhoon (Еуропа Тынық дауылы)

Өндіруші елі: Ұлыбритания, Германия, Италия және Испания

Техникалық қуаты: 1 дана 27мм калибрлы автомат; 6 дана орта аралықты әуе зымыраны мен екі дана жақын қашықтықтағы әуе зымыраны бар. Үш қосалқы жанармай бакпен жабдықталған.

Ең жоғары жылдамдығы: 2,0 Мах.

Ұшу аралығы: 1,841 ағл. миль

Dassault Rafale. Фото: You Tube

3. Dassault Rafale жойғыш ұшақ

Өндіруші елі: Франция

Техникалық жабдықталуы: 30мм калибрлі автоматтан бір дана;   500 фунттық бомбадан 16  данасы орнатылған. Оған қоса екі әуе зымыраны мен екі қосалқы май бакпен жабдықталған.

Ең жоғары жылдамдығы: 1,8 Мах.

Ұшу аралығы: 1,941 ағл. миль

Martin F-22. Фото: Warspot

2. Lockheed (Локхит) – Мартин F–22 жойғыш ұшағы.

Өндіруші елі: АҚШ

Техникалық жабдықталуы: 1 автомат; 6 орта қашықтағы әуе зымыраны; 2 жақын аралықты әуе зымыранымен жабдықталған. Немесе, 2000 фунт бомбыдан 6 дана және 4 әуе зымыраны орнатылады.

Ең жоғары жылдамдығы: 1,7 Мах.

Ұшу аралығы: 2,002 ағл. миль

Сухой Т-50. Фото: Наука и техника

1. Сухой Т-50 жойғыш ұшағы (2018 жылға дейін сынақ мерзімінде)

Өндіруші елі: Ресей

Техникалық жабдықталуы: автомат, 8 орта қашықтықтағы әуе зымыраны.

Ең жоғары жылдамдығы: 2,0 Мах.

Ұшу аралығы: 2,474ағл. миль

“The Qazaq Times”