Солтүстік Корея мәселесіндегі ең жаңа жағдай: Ақ үйде Құрама Штаттың 100-ге жуық ең жоғары лауазымдылары қатысқан құпия жиналыс өтті. АҚШ үкіметі іске кірісті. Солтүстік Кореяға барлық мүмкіндікті пайдалана отырып қысым түсірмек. Ары қарай толық мәтіннен көре аласыз.
Трамп үкіметі хабарлама жариялап, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының кеңеюін тосу үшін, дипломатиялық қысымдар мен әскери әрекеттерді бірлестіру жоспарын жүзеге асыратындарын айтты. Бұл туралы "The Wall Street Journal" хабарлап отыр.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жұма күні өтетін арнайы отырысында, ҚХДР-ға қарата қатаң экономикалық санкция салу мен Солтүстік Кореяны оқшаулау жоспарын ұсынатыны мәлім болды. Осыдан бұрын Ақ үйде барлық сенаторларды қамтыған құпия жиналыс болғанын айтқан едік. Тиллерсон осы мәжілісте баяндама жасаған негізгі басшылардың бірі болды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің айтуына қарағанда, Тиллерсон бір қатар түбегейлі біржақты ету шараларын жоспарлау үстінде. Айталық, өзге елдерден Солтүстік Кореяның елшіліктері мен басқа да дипломатиялық көздерін шығарып тастауды талап етеді.
Осымен бір уақытта, Құрама Штаттың Азиядағы қарулы әскерлер комитетінің растауында, АҚШ Теңіз армия қарулы күштері Корей түбегі маңына жиналатыны да анық болды. Дегенмен дипломатиялық шешу жолын қарастыру бірінші кезекке қойылды деп отыр.
АҚШ-тың Тынық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшы адмиралы Харрис кеңесте сөйлеген сөзінде: «АҚШ тарабы Ким Жоң Унді (Kim Jong Un) бағындырайын деп отырған жоқ. Тек, мұндай жағдайда күшті қарсылық танытпауын қалайды. Оның таңдауы АҚШ Мемлекеттік департаментінің келесі қадамдағы шешім жасауында басты рөл ойнайды», – деді.
АҚШ үкіметінің жоғары лауазым өкілінің бірі Америка Құрама Штаттарының жақын арада ҚХДР-ға қатаң экономикалық жаза дайындап отырғанын айтты. Оған қоса әскери қысым жасауға да әзір екендіктерін білдірді. Бұл Ақ үй өкілінің айтысына қарағанда, қатаң экономикалық және әскери қысым Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы және баллистикалық зымырандарды дамыту ісіне мүмкіндік беретін барлық салаларға бағытталатындығын ескертті.
Кіші Буштың кезінде Солтүстік Корея ядролық шартты келісімге келіп, ядролық қауіпті елдер қара тізімінен өшірілген болатын. Алайда, кейін ядролық қаруды дамытуды қайта қолға алды. Бұл реткі Ақ үй жасағалы отырған қадамда Солтүстік Кореяны ядролық қауіпті ел тізіміне енгізу де қарастырылады. Ақ үй өкілінен әскери қысымдардың нақты мазмұнын сұраған кезде ол: « Барлық түрдегі әскери әрекеттің туылуы мүмкін», – деді.
Харрис: «АҚШ Солтүстік Кореяда әскери операциялардың көптеген түрін іске қоспақ. Керек болған жағдайда күшті әскери шабуыл, ҚХДР режиміне әсер ететін болады», – деді. Әскери операциялар нақты жоспары туралы сұрағанда ол: « Оңтүстік-Солтүстік Корея шекарасы маңындағы АҚШ-Корея бірлескен қосыны іске қосылады. Алайда, халық тығыз орналасқан Корея астанасы Сеул олардың басты нысанасы болуы мүмкін.
АҚШ Қарулы күштері белсенділік танытқанымен, үкіметтің кейбір лауазымдылары және сенаторлар Трампты сабырға шақырып отыр. Кешегі күні Ақ үйде өткен құпия кеңесіне 100-ге жуық ең жоғары шенділер қатысты. Бұл Трампқа Солтүстік Корея қатерінің салмақтылығын сезінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Солтүстік Корея басшысын қамтыған тараптардың барған сайын қалыпсыз тартып, қарсылыққа бейім бола бастағанын толық түсіндіретіні анық.
Ақ үйде өткен бір реткі құпия отырыс, Құрама Штаттың барлық әскери және үкіметтік органдарын әбігерге салды. Трамп үкіметке Солтүстік Кореяның дәл қазіргі жағдайын толықтай бағалауға тапсырма берді. Олардың қарауынша Қытай Солтүстік Кореяға белгілі дәрежеде күш қолдануға тікелей қарсы емес. Алайда, оларды алаңдататыны әскери әрекеттің нәтижесі бірнеше күнде көріне қалмайды. Бірнеше айға созылған қарулы қақтығыс орын алса, «түн ұзарса, түс көбейедінің» аяғын құшпақ.
The Qazaq Times