Өткен ғасырда вакциналар ондаған миллион адамның өмірін сақтап қалды. Бірақ бүгінде екпеден бас тарту тенденциясы белең алған. 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды денсаулыққа төнетін он негізгі қауіп тізіміне енгізді.
Вакцина пайда болғанға дейін әлемде жсайын миллиондаған адамдар алдын алуға болатын аурулардан қайтыс болды. Екпенің алғашқы түрі Қытайда X ғасырда пайда болды. Вариоляция деп аталатын екпе иммунитетті жақсарту үшін қолданды.
Сегіз ғасырдан кейін британдық дәрігер Эдвард Дженнер сиыр сауыншыларының шешек ауруымен жиі ауыратынын ескеріп, оған қарсы екпе ойлап тапқан.
1796 жылы Дженнер сегіз жасар Джеймс Филипске эксперимент жүргізді. Дәрігер науқасқа сиырдың штаммын енгізді, көп ұзамай баланың ауру белгілері пайда болды. Филипс қалпына келген кезде Дженнер оған қара шешек вирусын енгізді. Нәтижесінде, сиыр шешегі оның иммунитетін күшейткн.
1798 жылы осы эксперименттің нәтижесімен «вакцина» сөзі пайда болды (латынша «вакка» - сиыр).
1960 жылдары ауруға қарсы алғашқы вакцина пайда болғанға дейін жыл сайын шамамен 2,6 миллион адам қызылша ауруынан қайтыс болды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, 2000 жылдан 2017 жылға дейін әлемде қызылшадан болатын өлім-жітім саны 80%-ға азайған.
Вакцинацияға қарсы көтеріліс қазіргі вакциналар пайда болғаннан кейін басталды. Алдымен адамдардың скептицизмі діни себептермен түсіндірілді – көпшілік вакциналар таза емес деп ойлады немесе жаппай екпе егу адамдарды таңдау құқығынан айырады деп санады.
XIX ғасырдың басында Ұлыбританияда вакцинацияға қарсы лигалар пайда болды, олар ауруларды емдеудің балама шараларын қолдады. Мысалы, пациенттерді оқшаулау.
1870 жылдары Британдық белсенді Уильям Теббтің сапарынан кейін АҚШ-та вакцинацияға қарсы адамдар тобы пайда болды. Осы ретте айта кету керек, жалпыұлттық вакцина науқанына қарсы қозғалыстағы маңызды тұлғалардың бірі – Лондон дәрігері Эндрю Уэйкфилд. 1998 жылы ол аутизм мен ішек ауруларын MMR вакцинасымен емдеуге болмайтынын айтып, көлемді баяндама жариялады.
MMR – қызылша, паротит (паротит) және қызамыққа қарсы балаларға арналған вакцина болатын. Уэйкфилдтің тұжырымдары теріске шығарылып, оның аты Ұлыбританияның медицина өкілдерінің тізімінен алынып тасталды. Бірақ оның мәлімдемесінен кейін ел билігі балаларды жаппай вакцинациялаудан бас тартты. 2004 жылы MMR вакцинасын қабылдаған Британдық балалардың саны 100 мыңға азайды. Есесіне, бұл елде қызылша ауруының өсуіне әкелді.
Вакцинация мәселесінің де саясаттандырылатыны жасырын емес. Мысалы, Италия ішкі істер министрі Маттео Сальвини өзін вакцинацияға қарсы топқа жатқызады. Бұл өз кезегінде халықтың екпеге қарсы тұруына әкелді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарсы екпеге қарсылық білдіргендер қатарында.
Бұған дейін Wellcome Trust халықаралық ұйымы әлемдегі вакцинацияға қатысты ең үлкен зерттеу жүргізді, оған 142 елден 140 мың адам қатысты. Зерттеу көрсеткендей, Еуропада вакциналарға деген сенім деңгейі әлі де төмен. Әсіресе, Францияда. Халықтың көп бөлігін вакцинациялау аурудың таралуын болдырмауға көмектеседі, бұл өз кезегінде иммунитеті нашар адамдарды қорғайды.
Бұл – ұжымдық иммунитет деп аталады. Егер ол бұзылса, адамзат үшін қауіп артады. Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін екпе алуы тиіс адамдардың пайызы ауруға байланысты өзгереді. Қызылша үшін бұл 95%, ал аз жұқпалы полиомиелит үшін 80%-дан асады.
ДДҰ мәліметтері бойынша, ұсынылған вакциналарды қабылдаған әлемдегі балалардың үлесі соңғы бірнеше жылда өзгерген жоқ – 85%. Ұйым сарапшылары вакцинация жыл сайын екі-үш миллион өлімнің алдын алады дейді.
Әскери қақтығыстар орын алатын және денсаулық сақтау жүйесі дамымаған елдерде жалпыұлттық вакцинаның қарқыны төмен. Сонымен қатар халықтың екпеге деген сенімінен күмәні басым. Олардың арасында Ауғанстан, Ангола және Конго Демократиялық Республикасы бар. Мұны сарапшылар билік пен халық арасында ортақ диалогтың болмауымен және ақпарат құралдарында дезинформацияның тез таралуымен байланыстырады.