Түркия экономикасының жағдайы туралы сарапшылардың пікірі көңіл қуантпайды. Түрік лирасы жыл басынан бері АҚШ долларына 40 пайыз құнын жоғалтты. Құнды қағаздарының бағасы 17 пайызға құлдырады. Сонымен бірге мемлекеттің көп мөлшерде қарыз алып жатқаны да мәлім болды. Дегенмен соңғы кездері Түркияның Финанс министрлігі лира құнын сақтап қалудың жаңа жоспарын жасап шыққанын да мәлімдеді.

Түрік экономикасында сірә қандай жағдайлар болып жатыр?

Шын мәнісінде Түркияның импорты экспортынан басымырақ. Былайша айтқанда сауда тапшылығы бар. Былайғы жылдары бұл сауда тапшылығы елеусіз қалып келді. Себебі, сырттан келетін инвесторлар мен үкіметтік субцидиялар орнын жауап отырған. Алайда, былтырдан бастап сауда теңгерімсіздігі анық байқала бастады. Былтыр сауда тапшылығынан туындаған парық жалпы ішкі өнім құнының 5,5 пайызын иеледі.

Түркия экономикасының тағы бір түйткілді тұсы – сыртқы қарыз. Оның өзі екі түрлі үлкен проблемамен ауырласа түскен. Біріншісі, мемлекеттік мерзімі толған несиесі өте көп. Бұрынғы қарыздармен қоса жаңа қарыздардың өсімі тағы бар. Ал, Түркия бұл қарыздардан құтылу үшін жаңа қарыз алуына тура келеді. Fitch агенттігінің мәліметіне сенсек Анкара бұл қарыздарын жабу үшін 230 млрд АҚШ доллары қаржыға мұқтаж.

Екіншісі, түріктің көптеген компаниялары қарызды шетел валютасы арқылы алған. Бүгінгідей лира құны жарысына жуық құлдыраған тұста ол қарыздары да бір есеге өсе түскен. Лира құнының құлдырауы Түркияда инфляция қауіпін арттырды. Үйткені лира арзандаған сайын импортталған тауарлар құны қымбаттай түсуде. Ұлттық банкі болса инфляция құнын 5 пайыз деп болжап отыр. Былтырғы инфляциямен қосқанда 15 пайызға жетті. Ұлттық банк бұл жағдайды реттеуге барынша тырысып бағуда. Айталық, шетел инвесторларын лира сатып алуға қызықтыруда. Алайда, бұл әрекеттерінен көрнекті нәтиже болмай жатқаны байқалады.

«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»

Түрік экономикасындағы қауіпті жағдайдың бір ұшы АҚШ пен Түркия арасындағы қайшылықтарға да тіреледі. Түркия мен АҚШ арасындағы жанжалдардан бұрынғы келісімдердің бірқатары бүлінді. АҚШ өзіне кіретін дамушы елдердің тауарларынан кеден салығын алып тастау сынды тиімділіктен Түркияны шығарып тастауды қарастырып отыр. Сонымен бірге терроризмге қолдау көрсетті деген түркиялық қалталылардың сотынан кейін Уашингтон тарабы экономикалық санкция саламыз деп қорқытты. Қазірге Анкара Уашингтонның экономикалық қысымына ұшырай қоймады. Бірақ, бұл онысыз да қиыншылықтағы экономикаға үлкен қорқыныш ұялатты.

Түрікте тұралау болғанымен, кері кету болмады

Бірақ, бір анығы жалпы жақтан Түркия экономикасы кері кетіп жатқан жоқ, тұрақты даму көрсеткішін әлі ұстап тұр. 2001 жылдан бері қарай Түркия экономикасы тұрақты өсіп көрсетіп келеді. Солай да, Ердоған билігі сайлауға көбірек көңіл болып, түрік экономикасын бақылаудан шығарып алды деген болжамдар да бар.

“The Qazaq Times”