Түркия мен Армения қарым-қатынасты қалпына келтіріп, әуе жолдарын ашпақ. Осы мақсатта Анкара мен Еревтараптаран арнайы өкілдері тағайындап отырғаны туралы Түркия СІМ басшысы Мевлүт Шавушоглу мәлімдеді.
Анкара мен Ереван тағайындаған арнайы өкілдер көршілес екі елдің мәмілесін қалпына келтірудің жолдарын қарастрып жатқаны туралы Рейтер агенттігі де хабар таратты. Министр Шавушоглу мәлімдегендей Стамбул-Ереван ортасында чартерлік әуе жолдарын ашу мәселесі де қарастырылып жатыр.
Армения билігі жағынан бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Түркия мен Арменияның шекарасы 1993 жылдан бері жабық күйде. Анкара болса Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бауырлас Әзірбайжанға қолдау көрсетіп келеді.