Қытай Орталық Азия мен Түркия базарына ендеп кіруі үшін Шыңжаңдағы ұйғырлардың орта-шығын бизнесіне миллиондап қаржы ажыратты. Соның нәтижесінде, 1991-жылдан бастап, ұйғыр бизнесмендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай дүр ете түсті. Бұған бір жағы Қытайдағы әлеуметтік, экономикалық жаңа реформалар да қолайлы жағдай жаратты. Қысқа уақыт ішінде ұйғыр ағайынның орта және шығын бизнесі қарыштап дамып, шағын монополданған ұлттық компаниялар бой көтере бастады. Қытай сыртқы экономика мен сауда-бизнесте ұйғыр ағайынды алдыға сап қойып перде артында өздері тұрып алыс-жақын көрші елдердің базар нарығына ұйғыр кәсіпкерлері арқылы монополия саясатын жүргізе бастаған еді.
Таяу бір-екі жылдан бері Шыңжаңдағы саяси тұрақсыздыққа байланысты, Қытайдың бұл стратегиялық саясаты уақытша тоқырап туралап қалды. Ұйғыр бизнесмен, кәсіпкерлерінің десі басылып, өңірдегі сауда шеңберіндегі орны төмендеп, тіпті ең төменгі көрсеткішке дейін жетті. Бір сөзбен айтқанда, өңірдегі бизнестің орны үңірейіп өгейсіп тұр. Бұны Қазақстанның және қазақ қоғамының қажетіне қалай жарату керек:
Бірінші, Қытаймен арадағы сауда-бизнес орны босап тұрғанда, оны ел боп жұмылып қазақтың жаңа бизнесмендерінің монополиялауына жағдай жарату керек. Олай істемегенде, Қытай билігі жаңа саясатты жолға қоюы мүмкін;
Екіншісі, Қытай ұйғырлардың орта және шығын бизнестерін қайта жандандырып Қазақстанға астыртын "сауда соғысын" ашса қазақ бизнесмендері бәсекеге өте қабылетті болуы керек. Өңірдегі бизнес алпауыты қазақтың қолына өтуі тиіс;
Үшіншісі, Қазақ бизнесмендері екі ел арасында басым түссе, қазақтың бизнес тілі Шыңжаңда маңызды тілге айналуы мүмкін. Айталық, Қытай жоғары оқу орындарында "бизнес қазақ тілі" пәндері ашылуы мүмкін (Бұған дейін "бизнес орыс тілі" мамандығы болды). Бұл жағдай Шыңжаң қазақтарының өзін ұлт ретінде сезінуіне үлкен рухани күш болар еді және Шыңжаңдағы қазақтардың орта және шағын бизнесмендері Қазақстанға иек артып, миллиард қытай базарына шығудың жаңа үлгілері мен форматтарын тапқан болар еді. Бұл тіпті, Қазақстанға үлкен мүмкіндік берер еді.
Қортынды, Қытай мен Қазақстан арасындағы үңірейіп тұрған бостықты қазақ бизнесмендері шеңгелдеуі керек. Ол үшін ұлы реформалар жасалуы тиіс және бұл өз уағыда орындалмаса, еш нәрседен үміт күтудің орны жоқ.
“The Qazaq Times”