Көңілдегі көгілдір ойлардың елесіне аунап, бір сәттік жылт еткен әсерге бар табиғатын сиғыза алған мэтрдің бекзаттығы еш өлшеусіз құдірет. Танымына таңдай қақтырар дегдар суретшінің өмір жолы, кейде тым сүркейлі болса, кейде жарқын жақтары да қылаң берді. Импрессионизм дейтін  кеңістіктің бояуына малшынып, қаламына көктемді көмкеріп, жұлдыздардың жұпарын жақты. Көркемөнерде әсемдіктің  салтанатын құрды.

Он минуттық жалт беріп жоқ болатын реңдердің құрылысын кенебіне келтіріп болмайынша, кемпірқосақ палитрасына  қарап та үлгермейтін ол, бір сәттік әсерді мәңгілікке жалғастырды.

Фото: arttsapko.ru

Бояуларына жан жүгіріп,  реңдер ритімінің симфониясы ойнайтын таңғажайып Моне сыры сезімдердің ақ шағи поэзиясына жамыраған мамық сөздердей тым әсерлі. Қаламына мың қанатты сағынышын қондырған аспан ойдың меланхолиясы. Өзінің жасыл ойларын кеңістікке матырып, көгілдір бейнесін су бетіне көшіріп әкетті. Суреттері сөйлейтін, әрі әнтек қозғалатын өнердегі ұмытылмас қолтаңбасын қалдыра жүріп, судың Рафаэлі атанған ол, бояулар симфониясының тілін ашып, неоимперссиоизмнің негізін қалады. Өнерде, бейне өзгеше көзқарасын жасап, композициялық шешімдер мен имперрсионистік техникалардың жаңа әдістерін ойлап тапты. Және өзі ежеттес замандастарының  шығармашлығына қозғалыс әкелуіне септігін тигізді.

Фото: cs7051.vk.me

Ол,  жылт еткен реңдерден сәттік қуанышы мен қайғысын іздеп тауып, одан шексіз әсерленетін.  Табиғаттың асқан нәзіктікпен сезімге толы бейнесін, реңдердің ритімімен беру арқылы  сұлулықты кенебіне келтіретін.Оңашада, бояулар теориясын ұзақ зерттей жүріп, палитрасына үш түсті ғана орналастырып, олардың мәнін ұғынуды тереңнен  көздеді. Ол Сислей, Ренуар, Фредерик Базиль, Едуард Мане, Эдгар Дега сынды болашақ ұлы суретшілермен ізденіс жолында жүріп, көптеген шексіз таңғажайып реңдер құпиялығын көзбен көріп, шығармаларына төңкеріс алып келеді.

Фото: liveinternet.ru

Мысалы, оның алғашқы Эдуард Манеден қайталаған жазбаларындағы жазықтықтағы түстердің орналасуы мен жарық пен көлеңке беру тәсілі, немесе Буживалдағы Ренуар екеуінің Лигуриядегі суларды салу арқылы,  түстердің эфиектілерін өзгеріссіз қалдырып, олардың орнын қосымша бейнелердің реңдерімен толықтыруы, өнердегі өзгеше стильдерін қалыптастырды .Жазбаларындағы тек бес-ақ түрлі бояуларды пайдалануы арқылы реңдерді түрлендірудің көптеген тәсілдерін көрсетті.

 

Фото: tumblr.com

Фото: hudojnik-impressionist.ru

Моне, Писсаро мен бірге іздене жүріп, көлеңкенің түсі қара болмайтынына және жарықтың өзінде көлеңкелер жүретініне көз жеткізеді. Осыдан кейін қара бояумен жұмыс жасауды мүлдем доғарады. Оның ешкімге ұқсамайтын бір ерекшелігі, ол барлық жерден тіпті көлеңкелерден де реңдер көре алатын.Ол туралы Пол Сезанның  «Моне-жәй ғана көз. Бірақ, құдайым-ау көз болғанда қандай көз»,-деп таңдай қағуы бұған дәлел болары анық. Бірақ тынымсыз ізденістері оның көзін нашарлатып, кейіндеп мүлдем көрмейтіндей қылады.

Фото: kudago.com

Фото: bibliotekar.ru

Қолшатыр ұстаған бойжеткен суреті реңдердің композициялық үйлесімін тауып, Көкалдағы түс пен көлеңкенің контрастын жасап, жеңіл жағыстармен өмірге әсер силап, қозғалыс жұмсайды. Аспанға мамық бояулар ұсынып оны қолшатыр ұстаған бойжеткеннің көйлегіндегі реңдермен ұйқастырып, шебер байланыстырады. Біз бұл суреттен адамның реалистік бейнесін емес оған берліген реңдердің сезімдермен құбылған әсерін көреміз.

Фото: liveinternet.ru

Фото: liveinternet.ru

Олардың ашқан жаңалығы, академиялық қалыптасқан дәстүлі сурет өнеріне үйреніп алған өнертанушылардың, түрлі реңдер мен сызықтардағы пересфиктиваларға еш назар аудармай, шабытты реалистік обиектілерден емес реңдердің әсерінен алатын импрессионистерді еш  мойындамай қоюуы осыдан болатын. Дегенмен уақыт өте келе өнерде өз бағасын алған бұл бағыт өмірде үлкен табыстарға жетті.

Моне, әбден қартайған шағында көзінің сыр беруіне қарамастан, өзі қырық үш жыл өмірін сарп етіп импрессионитік үлгіде жобалаған бақшасында, өмірінің соңына дейін тоғандағы Лиллиа гүлдерінің сүйкімді ғажайып суреттерін салумен айналысады. Ол «Су лиллиасы» арқылы су бетінде тербелген гүлдердің бейнесін сала отырып өнерде қайталанбас қолтаңбасын қалдырып, 1867-1868 жылдары аралығында жазылған сериялық туындыларын дүниеге әкеледі де 1926 жылы 5 қазанда  86 жасқа қараған шағында артына мол мұра қалдырып өмірден озады. Ал кәзір оның суреттері әлемдегі ең қымбат суреттеріндің үштігіне кіреді.

Тілек Түргенбұлақ

«The Qazaq Times»