4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік өнер мұражайында «Тұран романтизмі» атты сурет көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған туындылар өткен ғасырдағы қазақ ұлтазаттық қозғалысының жетекшісі Оспан батырды тақырып еткен. Аталған шараны «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» бірлесе ұйымдастырған.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев бастау сөзін сөйледі. Фото: QT.
Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына орай өткізіліп отырған шараны «Ер Жәнібек» қорының құрметті президенті, м.ғ.д. академик Мақсұт Темірбаев, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Ақан Әбдуәлиев, «Ер Жәнібек» қорының президенті Жеңіс Түркия, А. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаева және «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» жетекшісі Жанарбек Берістенов қатарлы әр сала өкілдері бастап ашты. Шараның ашылуына зиялы қауым өкілдерімен бірге, өнер сүйер шоғырлы қауым жиналды.

Естай Даубаев бастаған бірқатар өнерпаздар "Тұран" сыйлығымен марапатталды. Фото: QT
Оспан батыр бейнесі бұған дейін поэзия, проза, драматургия сынды әдебиет пен өнердің бірқатар саласында насихатталған. Бұл батыр есімінің бейнелеу өнерінде алғаш рет кең көлемді насихатталуы. Көрмеге 50-ден астам қылқалам шеберлері қатысқан. 100-ден аса жаңа туындылар қойылған.

"Оспан батыр" Төлеген Сүлейменовтың туындысы. Фото: QT.
Айта кетейік, көрме 25 қазанға дейін жалғасады. «Ер Жәнібек» қоры және «TURAN-QAZAQ» суретшілер консолидациясы» жағынан жарияланған қомақты жүлде қоры бар. Көрмеге қойылған туындыларды арнайы қазылар алқасы сараптай отырып 25 қазан күні жүлдегерлер анықталып, жария етілмек.

Көрменің ашылуына Оспан батыр мен Зуқа батырдың ұрпақтары қатысты. Фото: QT.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы