Бүгін, 4 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толуына арналған «Тұран романтизмі» атты сурет көрмесі өтпек. Шараны «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен «TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясы» бірлесіп өткізуде.
Шараның шымылдығы 16:00 -де ашылады.
Ұйымдастырушылар аталған өнер көрмесін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отаншылдық, ұлттық рухты дәріптеу, сондай-ақ, өткен ғасырдағы Қазақ ұлтазаттық күресінің лидері Оспан батырды, оның күрес жолы мен ерлік рухын ұлықтауды мақсатында өткізіп отыр.
Көрмеге қатысқан көркемөнершілердің туындыларын 4 қазаннан 28 қазанға дейін жалғасады. Қатысушы үміткерлердің туындылары арнайы қазылар алқасы жағынан сарапталып, жүлдегенлер анықталады. Осы аралықта баспасөз және өнертанушылар ортасында да талқылаулар өткізілмек. Көрме қорытындысы 25 қазанда жасалып, жүлдегерлер марапатталады.
Оспан батыр атындағы бас жүлде 1000 000 теңге (1 адам).
- ші орын (1 адам) 750 000 теңге.
- ші орын (2 адам) 500 000 теңге.
- ші орын (2 адам) 250 000 теңше.
Ұйымдастырушылар: «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры
TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясы
Тел: +77071050889
+77021319619


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді