НАСА қызметкерлері Марстың тау шатқалдары тектес аймақтары бейнеленген суретті жариялады. Суретте ұсақ түйіршіктердің астындағы ғаламшардың таулы аймақтарын байқауға болады.
Сурет Mars Reconnaissance Orbiter аппаратына жалғанған High Resolution Imaging Science Experiment (HiRISE) камерасымен түсірілген болатын. Суретте Қызыл ғаламшардың беткі қабаттарындағы тау жыныстары мен ғаламшардың таулы аймақтары көрсетілген. Таулардың көп бөлігін құм төбелері басып жатқандықтан, таулы аймақтың құрылымын толық көру мүмкін емес.
Ғалымдар бұл суреттегі бейненің адам жүрегіне ұқсастығын байқағандықтан, "Марстың жүрегі" деген атау берді.
“The Qazaq Times”


















Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті