"Орныңнан тұр! Мына орындық сені өлтіріп тынады!" («Get Up!: Why Your Chair is Killing You and What You Can Do About It» ) кітабының мәліметінше, ұзақ отыру адам денсаулығына өте зиян.
1. Омыртқаға салмақ түседі
Калифорниялық университет профессоры Гален Кранцтың (Galen Krantz) айтуынша, отыру - адам денесінің табиғатымен қарастырылмаған, мүлдем табиғи емес дүние. Адам омыртқасы формасында болу керек, алайда адам отырғанда бүкірейеді, бұлшық ет әлсірейді, барлық салмақ жамбас сүйегі мен омыртқаға түседі де, омыртқаарылық дисктерге қысым болады. Мойындағы омыртқалар ондай қысымнан қысылады да, миға қан дұрыс тасымалданбайды. Нәтижесінде бас ауырады, көздің көру қабілеті нашарлайды.
2. Жүрек-қан тамыр жүйесі
Физикалық белсенділіктің жоқтығы ерте атеросклероздың пайда болуына алып келеді.
13 жыл бойы жүргізілген, 17 мыңнан астам адамды қамтыған үлкен зерттеу көбіне отыратын жұмыс істейтін адамдардың жүрегі ұстап қайтыс болу ықтималдығы 54%-ға жоғарырақ.
3. Семіздік
Адам отырған сәтте ағзаның майды ыдырату қабілеті 90%-ға азаяды, инсулин деңгейі төмендеп, қан қысымы, керісінше, көтеріледі. Ал жұмысты тұрып істейтіндер калорияны 35%-ға көбірек жұмсайтын көрінеді.
4. Бұлшық ет пен сүйек
Аз қозғалу мен бүкірейіп отыру кесірінен бұлшық ет әлсіз, әрі бос болып қалады. Сонымен қатар адам отырған кезде сүйек денені ұстап тұруға ешқандай күш салмайды, сол себепті уақыт өте келе сүйек құрылымы өзгеріп, сүйектің өзі әлсіз, тез сынғыш болып қалады.
5. Ас қорыту жүйесі
2011 жылы ұзақ отыру жасушалардың инсулинді тұтыну деңгейін төмендететіні анықталды. Ал ол диабет және басқа да ауруларға алып келуі мүмкін.
6. Ерте қартаю
"The Lancet" журналы мәліметінше, гиподинамиядан жылына шамамен 5,3 млн адам қайтыс болады.
Хромосомаларда орналасатын теломерлер (адамның жасы ұлғайған сайын сыртқы зиян факторлардан қорғауға міндетті) адам аз қозғалатын болса қысқара береді. Нәтижесінде адамның қартаю процесі тезірек жүреді.
Әрбір отырып өткізген 1 сағат өміріңіздің 2 сағатына тең көрінеді.
7. Ұйқысыздық
Отырып жұмыс істегенді ағза демалыс деп есептеуі мүмкін. Сол себепті кешке қарай ұйықтар уақыт жақындағанда ағзаңыз сізді "күні бойы онсыз да демалды ғой" деп ойлап, ұйқыға көнбеуі мүмкін.