Өзінің өмірін де суретке айналдыра білген жиырмасыншы жүз жылдықтың ең ұлы суретшісі Пикассо, өнерде өзгеше көркемдік образ бен форма жасап, өнер көкжиегіне асқан сезімталдықпен қол соза білді. Өзінің ұмытылмас бейнесін ел есінде қалдырды
Пикассо1881 жылы 25 қазанда Испанияның Малаге қаласында дүниеге келіп, 1897 жылы Мадирд қаласындағы өнер академиясына оқуға түседі. Бірақ, одан өзіне қажетті білімді ала алмайтынын ерте түсінген ол, Барселонаға кетіп қалады.Өзінің түбінде ұлы суретші болатынына шексіз сенген оның жасы, сол кезде небәрі он алтыда болатын.
Алғашында суреттерін бүркеншік атпен жариялап, асқан табандылықпен шығармашлық жолын Парижде жалғауды шексіз армандайды. Айтқандай-ақ, 1900 жылы Париж қаласына келген. Араға төрт жыл салып, жұртқа суретші ретінде таныла бастайды. Ол сурет өнеріндегі алғашқы қадамын солғын,мкөңілсіз, суық көкшіл реңдерге бояп бастаса, көп өтпей бояуларын қызғылтым реңдерге алмастырады. Оның шығармашылығындағы геометриялық бейнелердің көңілге үрей, және қорқыныш ұялата отырып, тұрпайы жалаңаш денелерді жазып, сезім мен пішіннің үйлесімдігін картиналарында шебер орындайды. Сонымен қатар заттардың көлемін үлкейтіп, кенептегі жазықтықтың шетін қия отырып, кеңістікке жалғайды. Бұдан кейінгі өзгерісі оны өзін әлемге танымал еткен кубизм стилімен жалғасын табады. Ол жалғыз өзі оңашалана жүріп, түрлі ұлттардың кескіндемелік бейнелерін зерттеп, әртүрлі суретшілердің мәселен, Тулуз Лотректің, Гогеннің және де грек суретшілерінің жұмыстарын өз шығармашлығына тәжірбие жүзінде жасайды. Оның көкшіл немесе көгілдір кезеңіндегі жазғандарында, жоқшылық пен кедейшіліктің және жезөкшелердің күйзелген, шаршаған дәрменсіз бейнесін іздеп сызғанын анық байқата алса, кейіндеп қызғылтым кезеңінде, қаңғыбастар мен циркачтардың өмірін бейнелейді. Ол өмірінің соңына дейін өзінің шығармашылығына сынақтар мен зерттеулер жасаумен болған. Оның шығармашығына тағы бір өшпес әсерін тигізген үлкен мектеп оның жеке өмірі болатын
Пикассоның даналық сөздері
Тамаша талғам- өнердің ең сорақы дұшпаны.
Мен ақшасы көп, кедей адам болғым келеді.
Адамдар арасында түпнұсқадан қарағанда, көшірмелер өте көп.
Құстың салған әнін түсінбей тұрып, өнерді түсінгісі келетіндерге таңқалам.
Бәрі де өзгеруге қақылы, тіпті суретші де.
Сурет салу үшін, көзіңді жұмып ән айту керек.
Махаббат- адамды қайта қалпына келтіретін сезім.
Біз қартаймаймыз, қайта жетілеміз.
Жақсы суретші көшіреді, ал ұлы суретші ұрлайды.
Дайындаған: Түргенбұлақ
"The Qazaq Times"