ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай өткізілді.
Көрме барысында қала қонақтары мен тұрғындары көркем керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалады. Құмыралар, табақшалар, сауыттар, ертегідегі құстар мен мифтік жаратылыстар – ұлы шебер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұрақтаған Францияның оңтүстігінің ғаламат шуақты пейзаждарындай көз тартады.
Көрменің ашылуына қатысқан Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуаль Д,Авино да осындай шараның ұйымдастырылғанына қуанышты екенін мәлімдеді.
Пабло Пикассо төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасаған. Пабло Пикассо таныс заттардың уталитарлығын бірегейлік, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алды. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді. Осы көзтартарлық, мінсіз пішіндерге ой жүгіртіп қарасақ, ғажайып құстар мен аңдардың тіріліп, ал түр-түссіз керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейіпіне енетінін елестетеміз, әдеттегі қарапайым образдар қайталанбас тұтас тарих ретінде көз алдымызға келеді.
Пикассоның бұл жұмыстары – авторлық керамиканың алғашқы тәжірибесі емес. Воллористік керамиканың бесігі – «Мадура» керамикалық шеберханасы әлі күнге дейін бар.
Көрме 2018 жылғы 3 қарашаға дейін жалғасады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы