Үндістан Ғарыштық Зерттеу Орталығы (Indian Space Research OrganisationISRO) өткен жылдың соңында, Марстың ең сәтті түсірілген фототоптамасын жариялады. Бұл суреттерді үндістандық ұйымның «Мангалиаан» (Mangalyaan) детекторы түсірген.

Марыс және Фобос.

Бастапта суреттегі көрністер анық емес және түсініксіз жайттерге толы болған. Ғарышта түсірілген суреттердің арасында сәуленің сынуынан көрінстердің созылуы мен ауытқулары да байқалады. Планетарлық Қоғамының зерттеушісі  Эмили суреттерге жіңішкелікпен түзетулер енгізді. Мұқият жүргізілген өңдеу жұмыстарына кейін көптеген белгісіз жайіттерге жауап табылды. Мысалы, екінші суреттен біз Фобостың (Марстың екі серігінің бірі) Марстың бетіне жақын ұшып өткенін көре аламыз.

Марстың полиярлық аймағы.

Бұл реткі Үндістан Ғарыштық зерттеу ұйымының таратқан суреттері, «Мангалиаан» (Mangalyaan) барлаушысының өткен бір жыл бойында түсірген суреттерінің топтамасы. Оның бақылау аумағы Марстың полиярлық бетін де қамтиды. Марстағы бұл аумақ бұдан бұрынғы және кейінгі адамзат ұшырған барлау кемелерінің қонатын орыны.

Марстағы бақылау аумағы.

Аталған үндістандық ұйым Марс бетіндегі бақылау аумағын барынша кеңейтуге құлшыныстар жасады. Олар Марстың тегіс беті мен мұз құрсанған полиярлық бетінен де көптеген суреттер түсіре алды.

Марстағы экваторлық аумақ.

Үндістан Ғарыштық бақылау ұйымы (ISRO) NASA мен ECA-дан (Еуропалық Ғарыш Агентігі) кейін үшінші болып Марс бақылау құрлығысын сәтті ұшырған ғылыми орталық болып саналады.

Марстағы "Теңізші шатқалы"

Суреттер арқылы болашақтағы ғарыш барлау құрлығылары қонатын аймақты белгілеуге болады. Бұл суретте Марс бетіндегі ең үлкен аңғар анық көрінеді. Бұл әзірге дейін біз білетін Күн жүйесіндегі планеталардағы ең үлкен табиғи шатқал. Ғылымда оны «Теңізші шатқалы» (Valles Marineris) деп атасады.

Фобестің Марс бетіндегі қозғалысы.

Бізге Марстың бір серігі ретінде белгілі Фобостың ұшып өткен көрнісі. Суретті мұқият өңдеу арқылы біз Марс серігінің пішінін неғұрлым анық байқай аламыз. Қысқа орбиталық мерзім және орбитадағы толқу күшінің әсерін бақылауға болады. Әзірге дейін Фобостың орбиталық қозғалысын бақылау нәтижелеріне қарар болсақ, оның орбитасының радиусы барған сайын кішірейіп бара жатқанын көре аламыз. Демек, бірте-бірте Фобос Марс бетіне жақында келіп соғылады.

Марстың екінші серігі – Деймос (Deimos)

Марстың тағы бір серігі Деймос (Deimos). Ол да Фобосқа ұқсас тұрақсыз аспан денесіне жатады.

Кішкентай Фибос

Бұл суреттің оң жағында, Марс бетіндегі кішкентай қара дақ – Фобос. Күнге жақын ғаламшарлардың мұндай тұрақты емес орбитадағы серіктері ғаламшар бетіне жақын ұшады. Көбі өте шағын болып келеді.

Марстың толық көрнісі

Mangalyaan Марс барлау құрлығысының ғаламшардың толық түсірген суреті.

NASA-ның Марстағы тұрағы.

Бұл суреттің ортасындағы сақиналы тау – Гейл кратері, NASA-ның Марсқа қондырылған барлау кемесінің тұрағы.

Марстағы тәулік алмасу

Mangalyaan Марстың әр тұсынан суреттер түсірген. Ондағы тәуліктің ұзақтығы Жерге қарайлас. 24 сағат 39 минутты құрайды.

"Теңізші шатқалы"

«Теңізші шатқалы» және басқа да тау сілемдерінің қалыптасу формасына қарағанда, Марс геологиялық қалыптасу тарихы Жер шарына ұқсап қалатынын байқаймыз. «Теңізші шатқалының» ұзындығы 3769 шақырымға жетеді. Ең терең тұсы 7 мың метр. Жалпы шатқалдың түзілісі аса күрделі. Ол Марс жер түзілісіндегі сығылу мен ажырауы сынды табиғи құбылыстан пайда болған. Жер бетіндегі Шығыс Африка шатқалының қалыптасуына ұқсап кетеді.

Сөнген жанартау

Марстан жанартау атылуының іздерін де табуға болады. Суреттегі сақина тәрізді тау –  Арсия Монс (Arsia Mons).   Марс экваторына жақын орналасқан. Tharsis Montes аталған алып тау сілеміне орналасқан, заманындағы аса үлкен жанартаулардың бірі. Ал бұл тау сілемінің оңтүстік-батысында Күн жүйесіндегі ең биік тау – Olympus Монс орналасқан.

Марстағы үш алып тау.

Арсия Монстың биіктігі 17761м. болып келеді. Ол орналасқан Tharsis Montes тау сілемінде және екі алып тау бар. Олар – 18225 метр биіктіктегі Ескалейт тауы (Iscrell Hill) және 14050 метр биіктіктегі Павонс тауы (Pavonis).

 

“The Qazaq Times”