Халықаралық ғарыш станциясынан төрт астронавтпен ұшып шыққан Crew Dragon Мексика шығанағына қонды. Бұл туралы NASA Twitter-дегі ресми аккаунтында хабарлады.
Ғарышкерлер Виктор Гловер, Майкл Хопкинс, Шэннон Уокер және Соити Ногути халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) жарты жылдық ғылыми миссиядан кейін Жерге оралды. Crew Dragon ғарыш кемесі Мексика шығанағында, Флорида штатының Панама-сити қаласы маңында суға қонды.
Crew Dragon-1 экипажы ХҒС-те жарты жыл жұмыс істеді. Кеме былтыр 15 қарашада Канаверал мүйісіндегі Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылып, ХҒС-ке келесі күні жеткен.
Астронавттар Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа 2020 жылғы қарашада алғашқы жұмыс рейсімен аттанған болатын. Кеме 15 қараша күні сағат 19:27-де АҚШ-тың шығыс жағалауындағы Флорида штатының Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы