Жақында Оңтүстік Корея университетінің мамандары арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу нәтижесі бойынша, белгілі бір елде туылған, 1 жасқа толмай өзге елге көшіп кетіп, өз тілін ұмытып кетсе де, туылғанынан 5 айға дейінгі оның жадысындағы ана тілінің информациялары мәңгі сақталады. Кейін де өз тілін жеттік меңгеріп кетуге қабілетті болады. Бұл туралы BBC.com.  хабарлайды.

Зерттеу жұмысына  Голланд тілінде сөйлейтін, Оңтүстік Кореяда туылған ересек адамдар  қатысқан. Олардың кәріс тілін білмесе де, сөздерді сөйлеп, тілдің дыбысталуын жақсы білетін болып шықты. Осыдан ғалымдар, «туылғанынан бастап ата-аналар баламен мейілінше көп сөйлесуі қажет» деген қорытындыға келді.

Зерттеу жетекшісі – Джиун Чоидің пікірінше, нәрестеге алғашқы айларынан бастап өз тілі санасына сіңеді. Сол үшін де, көп жылдардан кейін қайта өз тілін (олар үшін жаңа тіл болса да)  меңгеру қиындық тудырмайды.

  Ғалымдар голландықтардың екі тобына тест жүргізген: Бірінші, Голландияда туылып, сол елде өскендер. Екіншісі, өзге елде туылып, Голландияда өскендер. Анықталғандай, нәрсетелерді 6 айға дейінгі уақытында асырап алған. Бірақ жергілікті голландықтарға қарағанда, «асырап алынған» голландықтар  өздеріне беймәлім тілде әріптер мен дыбыстарды нақты атаған.

Осыдан келе, адамдардың тілді меңгеруі тәжірибеге ғана байланысты емес  екендігін (абстрактілі характері бар) атап өтуге болады.

Осы ақпараттарды ескере келе Джуи Чои ата-аналарға былай дейді:

«Естеріңізде сақтауларыңызды сұраймын. Тілді үйрену өмірдің алғашқы күндерінен басталады. Нәрестелеріңізге көбірек көңіл бөліп, әңгімелесіңіздер. Ол сіздерді түсінеді және санасына қабылдап алады. Тіпті баланың тілді игеру процесі анасының құрсағында жатқанда-ақ басталып кетеді. Бала дүниеге келген кезде, ол анасының дауысын біліп туады».

"The Qazaq Times"