Қырғыз Республикасы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Алматы облысы және Жамбыл облысымен шекараласады. Халық саны 6 миллион шамасында. Жер аумағы 198,5 шаршы шақырым. Жер түзілісі күрделі, көбі үстіртті-таулы аймақтарға жатады. Шығыста Қытай, оңтүстікте Тәжікстан, батыста Өзбекстан қатарлы елдермен шектеседі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдары арқылы ортақ қорғану келісіміне қол жеткізген.
Қырғызстан Қарулы күштері
Қырғызстан Конституциясы бойынша агрессия мен әскери қуатты кеңейтуге болмайтыны туралы белгілеме бар. Бұл милитаризацияға жол бермес үшін жасалған. Қырғызстан армиясы тек елдің халқы мен үкіметін қорғау үшін ғана жасақталады.
1994 жылы 12 қаңтар күні Қырғызстан Парламент арқылы армияны жасақтау және оны пайдаланудың нақты ережелерін белгіледі. Аталған ережеде мынадай белгілемелер бар:
- Армия тек өзін-өзі қорғау және қорғанысты мақсат етеді; елдің заңына сәйкес басқарылады;
- армияны басқару билігі елдің ең жоғары билігінде болады;
- әскер саны мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын шамада сақталады;
- армияға ұзақ мерзімдік басқару ережесін енгізіледі;
- ұлттық қорғаныс үшін ұжымдық басқару тәсілі қолданылады;
- қауіп қатерлердің артуына байланысты әскер саны арттырылуы мүмкін; армия елдің дәстүрлі әскери негізінде және шетелдердің тәжрибесін қабылдау негізінде дамытылады.
1992 жылы 29 мамырда сол кездегі Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың бұйрығымен Қырғызстан жеріндегі бұрынғы Кеңес одағы армиясы Қырғыз Республикасының ұлттық армиясы болып құрылды.
1993 жылғы Шекаралық қорғанысты қамтамасыз ету үшін, Ресеймен арада келісімге қол жеткізіп, Ресейдің Қырғызстанда тұратын шекара қорғаушы қосындары біріктіріліп, Қырғызстан шекара қорғаушы қосыны болып өзгертілді. Бұрынғы Кеңес одағы мен Қытайдың Қырғызстан жеріндегі шекара қорғау қосындарының үш үлкен корпусы және бір көлікті күзет қосынындағы 3500 әскери қызметкер де Қырғызстан Ұлттық армиясының шекара қорғау қосыны құрамына кірді.
1999 жылы 31 мамырда Қырғызстан Ұлттық шекара қорғаныс қосыны құрылды.
1999 жылы 18 шілдеде Ресеймен шекара қорғау келісіміне қол қойды. Келісім арқылы шекара қорғау қосынын Ресей жағы тегін жабдықтап тұратын болды.
Қырғызстан Қарулы күштері белсенді әскериленген қосын болып табылады. 2002 жылғы жарияланған санақ бойынша, Қырғызстан Қарулы күштеріндегі әскердің жалпы саны 14 мың. Оның ішінде 9000 белсенді тұрақты әскер болып саналады.
Құрлық армиясы
Құрлықтық қосынында 6600 әскер бар. Екі мотоатқыштар бригадасы және екі мотоатқыштар полкі бар. 215 дана Т-72 тұрпатты танкпен жабдықталған. 387 брондалған әскери көлік және 122 мм артиллериясынан 18 данасы бар.
Әуе армиясы
Әуе армиясында 2400 әскер бар болып, бір әуе қорғанысы базасы және 4 радарлық лагері бар. Әскери ұшақтарының жалпы саны - 166.
Ішкі әскері
Шекара қорғаныс қызметіндегі әскерлерді қоса алғанда тұрақты жаттығудағы қосыны 5 мың адамды құрайды. 3000 шекара қорғаныс әскерлері алты шекара қорғау корпусына бөлінген. Ішкі қауіпсіздіктің арнайы полициясы мен Ұлттық гвардияда 800 адам қызмет атқарады. Бұларға қоса Ресейдегі әскери академияда оқып жатқан 400 әскери қызметкер бар.
Қорғанысқа бөлінетін бюджет
Соңғы 10 жыл ішінде қырғыз елінің әскери бюджеті бір қалыпты өсіп келеді деуге болады. Орташа доллар бағамымен есептегенде, Қырғызстанның әскери бюджеті 2000 жылдың өзіне 1994 жылдағыдан 69 пайызға көп. 2003 жылы аталған елдің әскери істерге бөлген қаржысы 24 млн АҚШ доллары болған. Ал қазіргі кезде бұдан 19 пайызға дейін арттырылған. Қырғызстан үкіметі Қарулы күшті басты орынға қойып келеді. Десе де, елдің экономикалық қуатына байланысты Қырғызстанның әскери бюджеті төмен болып саналады. Әлемдегі Қарулы күштерге аз қаржы бөлетін елдердің қатарына жатады. Бұл елдің Қарулы күштерінің қуатына тікелей әсер етеді.
Әскери техникасы
Әскери техникалар | Түрі | Саны |
Танк | Т-72 | 233 |
Соғыс көліктері | БМП–1 | 274 |
БМП–2 | 113 | |
Брондалған әскери көлік | БТР-70 | 53 |
БТР-80 | 10 | |
Сүйрелетін зеңбіректер | М-1944(БС100) | 18 |
М-30, Д-30 (122мм) | 107 | |
Д-1 (152 мм) | 16 | |
Өздігінен жүретін зеңбіректер | 2С1 (122 мм) | 18 |
Танкке қарсы зымыран | Ат-3,4,5 | 26 |
Танкке қарсы қару | Т-12/МТ | 18 |
Зымыран | БМ-21 | 21 |
Миномет | 2С12, М120 | 54 |
артиллерия | СУ-23-4С | 24 |
С-60 | 24 | |
Саутты атқыш | 2С9 | 12 |
Жойғыш ұшақтар | МИГ-21 | 48 |
Жаттығуға арналған ұшақ | Л-39 | 4 |
Тасымал ұшағы | Ан-12 | 2 |
Ан-26 | 2 | |
Тікұшақ | МИ-24 | 9 |
МИ-8 | 23 | |