Ауғанстанда уақытша үкімет арқылы билік ұстап тұрған «Талибан» мәлімдеме таратып, жақын арада тұрақты қарулы күштердің құрылатынын мәлімдеді.
Уақытша үкімет құрамында Бас штаб төрағасының қызметін атқарып тұрған Кари Фасихуддин ресми мәлімдеме жасап, тәліптердің тұрақты армия құру туралы жоспарларымен бөлісті. Кабулда өткен баспасөз жиынында Ауғанстанның тұрақты қарулы күштерін жасақтау жоспарының көп ұзамай жүзеге асырылатынын жеткізген.
Бұнымен қоса Фасихуддин елде этникалық бөлініске бастаған және қарсылыққа өткен күштерге қарсы қатаң соққы берілетінін айтқан. Атын атап, түсін түстемесе де бұл арада Фасихуддин Панжшер шатқалындағы «Ұлттық қарсылық шебін» меңзеп отырғаны белгілі.
Тәліптер бұдан он күн бұрын Панжшерді өз бақылауымызға алдық деп мәлімдеген. Алайда, одан кейін де «Ұлттық қарсылық шебі» қарулы күштері тәліптермен шайқасты. Тараптар бір-біріне қарама-қайшы да мәлімдеме жасап жатқан болатын.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі