Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Қазақстан әскері Ресей шекарасын қорғауға бара ма?» деген журналистер сауалына жауап берді. Ол қандай да бір елге бітімгер күштерді жіберу Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде жүзеге асатынын айтты.
– Бар жауапкершілікті мойныма ала отырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштері ел аумағында екенін мәлімдеймін. [Әскер жіберу] бойынша қандай да бір міндеттемелер, бітімгершілік миссиялар бойынша шешімдерді тек Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде жүргіземіз. Алайда ҰҚШҰ аумағында мұндай міндеттерді орындамаймыз және ешқайда барайық деп жатқан жоқпыз. Уайымдамасаңыздар болады, ешқайда бармаймыз,– деді Жақсылықов.
Соңғы уақыттар анонимді телеграм арналарда «Қазақстан әскері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Ресейдің Украинамен шекаралас облыстарына барады. Мәскеу тарапынан Астанаға осындай ұсыныс түсті» деген ақпараттар тараған. Ол телеграм чаттарда қызу талқыланған.
Ресей Украинаға басып кіргелі бері елде Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Евразиялық экономикалық одақтан шығуы керек деген пікірлер жиі айтылуда.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?