Біз армияларды жойғыш ұшақтармен, ауыр артиллериялармен, мұздай қаруланған сарбаздармен және қуатты әрі сауытты танктермен елестетуге дағдыланғанбыз. Алайда, Британның жоғары әскери шенділері қарулы күштеріндегі танктерден бас тартып, оның орнына жаңа технологияларға басымдық беретіні мәлім болды. Британ армиясындағы бұндай реформа туралы Times басылымы жария еткен.
Коронавирус пандемиясы Британияның бюджеттік қаражаттарына көп әсер етті. Үкіметте қорғаныс шығындарын қысқарту туралы талқылар да көбейді. Британия Парламентінің тапсырмасы бойынша арнайы мамандар мен әскери шенділер нақты қайсы бағытта қаражатты қысқарту керек екенін анықтауы тиіс.
Британ үкіметі қазірше бұл жоспар туралы ешқандай мәлімет берген жоқ. Жоба тек жоғары әскери шенділер арасында жабық есікте талқылануда. Дегенмен, бұған дейін де Британ билігі бірнеше рет танктерді ескірген техника қатарына жатқызғаны бар. Демек, ел армиясы ауыр әрі ебедейсіз танктерге жұмсалатын шығындарды қысқартуы бек мүмкін.
Британ армиясынан бұрын танктерден АҚШ-тың Теңіз күштерінің корпусы бас тартқан еді. Себебі, эксперттердің айтуынша егер Қытаймен соғыс болып жатса бұл танк күштерінен көрі жылдамдық маңызды болмақ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр