«Ұлыбританияның әскери бюджеті жыл сайын қысқартылып, әскерлер саны минимумға жеткен. Ол дегеніңіз британдық армияның әскери күшінің жойылуына әкеліп соғады», – деп хабарлайды Daily Mail.
Ұлыбританияда «Әскери қақтығыстарды зерттеу мен тарихи анализ жасау орталығы» халық алдында елдің әскери жағдайына байланысты есеп берді. Құжатта мына мәселе ашып айтылады: Айналымға енгізіп жүрген кіріс-шығыстарды азайту – британдық жалғыз жауынгерлік әскердің, Ресей сияқты елмен қақтығыста бір-ақ күнде жеңіліп қалуына әкеліп соғады. Осыған байланысты, зерттеу орталығы «Ұлыбритания армиясы осындай жағдайға (соғысқа – ред.) дайын ба?» деген сұраққа жауап беруге қорқатындықтарын жеткізді. Себебі, олар өздері естігісі келетін жауап алмасы анық.
The independent басылымында, ертең соғыс басталатын болса, Ұлыбритания саны бес мыңнан он мыңға дейін ғана әскер жинай алатындығын жазған. Бұған дейін Ұлыбританияның бұрыңғы командирі Ричард Бэрронс, НАТО-ның қорғанысы Ресей сияқты қарсыластармен қақтығысқа дайын еместігін айтып, пікір білдірген. Сондай-ақ, оның Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігіне жазған хатында былай делінген: «Біздің елде кемелер мен ұшақтар бар. Лондон «америкалықтарға тәуелді болып үйреніп қалғандықтан», біздің оқ-дәрілеріміз жоқ. Енді не болады?».
"The Qazaq Times"