Украина халқы Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап етті – деп хабарлайды Oxu.az ақрпарат көзі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қараша айының 3-і күні Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили өз жақтастарын Киев қаласындағы Тарас Шевченко атындағы саябаққа жинаған. Онда олар ел президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап еткен. Қарсылық шарасына Украинаның Одесса, Николаевск, Харьковск, Кировоградск, Запорожск, Днепропетровск облыстарының халқы қатысқан.

Естеріңізге салайық, Петр Порошенко 26 шілде күні Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарып тастаған болатын. Бірақ ол қыркүйек айының 10-ы күні Украинаға қайтып оралып, Порошенко билігімен күрес жүргізетінін мәлімдеген.

“The Qazaq Times”