Археологтар Мысыр пирамидалары қалай салынғаны жайында жазылған көне папирус тапты - деп хабарлайды Daily Mail газеті.

Басылым мәліметінше, көне папирусты америкалық Марк Ленер бастаған археологтар тобы тапқан. Папируста ежелгі мысырлықтар 2, 5 тонналық тастарды 800 шақырым жерден қалай тасығандықтары жайында жазылған. Папирусты өз кезінде Хеопс пирамидасын салу жұмыстарының бір бөлігін басқарған Марет есімді адам жазған. Марк Ленердің айтуынша, папируста ежелгі Мысыр халқының бірнеше тонналық тастарды Ніл өзенімен ағаш қайықтар арқылы арнайы қазылған су каналдар арқылы, қазіргі Хеопс пирамидасы аумағына дейін алып келгені жайында жазылған.

Гиза пирамидалар топтамасына кіретін Хеопс, Хефрен, Микерин пирамидалары осыдан 4,5 мың жыл бұрын салынған. Оның қалай салынғаны жайында осыған дейін түрлі болжамдар жасалған болатын. Бірақ оның барлығы қандай да бір делелсіз айтылып келген еді.

“The Qazaq Times”