Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мысырды халықаралық сотқа беретінін мәлімдеді. Ол сот үстінде қаза тапқан Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мусидың өліміне қазіргі билікті айыпты деп қарайды.
Президент Ердоған Стамбулда жасаған мәлімдемесінде, Мысырды халықаралық сотқа тарту үшін қолдан келетін барлық шараны жасайтынын айтты. Ол сөзінде: «Мурси қаза тапқан жоқ, ол өлтірілді. Ол сот залында 20 минутқа дейін жанталасып жатқан. Сол жердегі лауазымдылар оған көмектеспеген», – деген.
Түркия президенті сондай-ақ, Мұхаммед Мурсидің өліміне байланысты Мысырдың кезекті қадамдарын назарда ұстайтынын, Ислам Ынтымақтастық ұйымын қолдауға шақыратынын, Мысырды халықаралық сотқа тарту үшін бар күшін салатынын жеткізген.
Мұхаммед Мурси Мысырдың тұңғыш рет демократиялық жолмен сайланған президенті. Алайда, ол билікке шығып бір жылдан кейін елде әскери төңкеріс болып, Мурсиді биліктен кетірген. Әрі, өзінің үкімет лауазымдыларымен бірге қамауға алынған. Ол өткен аптаның соңында тыңшылық айыбымен болған сот отырысы кезінде көз жұмған.