Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі қазақстандық азаматтар үшін Әмірліктерге визасыз кіру тәртібін талқылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, қазақстандық тарап жалпыазаматтық паспорттарын иеленуші екі мемлекет азаматтарының 30 күнге дейін визадан босатылуын көздейтін құжаттың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Бұл жөнінде Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ясер аш-Шималимен болған кездесуде мәлімдеді.
Өз кезегінде Ясер аш-Шимали Әмірліктер тарапы да Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екі жақты хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқталуға жақын екенін хабарлады.
2017 жылғы қыркүйекте БАӘ Үкіметінің қаулысы бекітілгеннен кейін Әмірліктердің барлық мемлекеттік органдары, сондай-ақ Әбу-Даби, Дубай және басқа әмірліктердің халықаралық әуежайлары бұл туралы ақпарат алады және өздерінің ішкі ережелеріне түзетулер мен өзгерістер енгізеді.
БАӘ СІМ КҚД Директорының пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін Әмірліктерге визасыз кіру тәртібі шамамен 2017 жылғы қазан-қарашада күшіне енеді.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?