Осы аптада Грузия, АҚШ және Ұлыбритания грузин интернет-сайттарына, соның ішінде президент әкімшілігі, үкімет, сот пен телеарналарға қарсы бағытталған ауқымды кибершабуыл жасады деп Ресейге айып тақты. Кибершабуыл, өзге мемлекеттің ішкі саясатына қол сұғу және сайлауға араласу сынды істе Ресейге тағылған алғашқы айып емес бұл.
Грузин мемлекеттік мекемелері мен БАҚ-қа хакерлік шабуыл 2019 жылдың 28 қазанында болды: бірнеше телеарналардың хабар тарата алған жоқ, үкіметтік серверлер бұғатталып, бірнеше қоғамдық мекемелердің жұмысы тоқтатылды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Грузиядағы кибершабуылға Ресей Бас штабының бас басқармасы мен Sandstorm («Песчаная буря») әскери бөлімі кінәлі деп мәлімдеді. Бірақ ресми Кремль барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.
2017 жылы маусымда ғаламторда кең көлемде тараған «Петя» вирусы кибершабуылының артында Ресейдің тұрғаны мәлім болған. Бұл кибершабуыл FedEx компаниясына, Контейнерлік жүк тасымалдау алыбы А.П. Мюллер – Maersk Group-ке, фармацевтикалық өндіруші Merck & Co. Inc. (MRK) компаниясы және көптеген трансұлттық компанияларға әсер етіп, көп шығынға ұшыратқан болатын.
2018 жылы ақпанда Америкадағы Колумбия округінің федералды соты ресейлік «интернет-зерттеу агенттігі» 2016 жылғы президенттік сайлауға араласты деп ресми түрде айыптады. Тергеу қорытындысына сәйкес, компания қызметкерлері АҚШ азаматтарының атынан әлеуметтік желілерде аккаунттар ашып, желіде Хиллари Клинтон мен демократиялық партияға қатысты құпия ақпараттарды орналастырған. Ал ресейлік компания басшысы, президент Владимир Путиннің «сенімді серігі» Евгений Пригожин өзінің «тролльдер фабрикасына» еш қатысы жоқ екенін және оның компаниясына тағылған айыптың жалған екенін айтып ақталды.
Владимир Путин Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны туралы айыптарды тағы да теріске шығарып: «Сайлауда жеңіліс тапқан адамдар басқаларды өздерінің қиындықтарына кінәлі санамауы тиіс. АҚШ-тың өзі бүкіл әлемде басқа елдердің сайлауларына белсенді түрде араласады», – деген.
Екінші қауіп – қорғаныс саласында. Ресей армиясын жыл сайын кеңейтіп, Еуропа елдерімен шекаралас аумақта және Орта Шығыстағы әскери қадамдарын жиілете түсуде. НАТО-ның жолын тосып, Еуропа елдерін көлемді әскери оқу-жаттығулар бастаған. Ресейдің біршама дамыған әскери өнеркәсібі 2030 жылға дейін әскери техникаларын толықтай жаңартуға әрекет етіп отыр.
Қорғаныс саласындағы бәсекеде көш кейін қалмауды ұйғарған АҚШ екі жыл бұрын Дональд Трамптың бастамасымен ұлттық доктринаға қауіпсіздік туралы төрт тармақты енгізген болатын. Атап айтқанда, діни терроризмге қарсы тұру және миграцияны шектеу; Энергетикадағы тәуелсіздік және экономикалық қауіпсіздік; Армияны күшейту және модернизациялау, қауіпсіздік тарауларындағы миллиондаған жұмыс орындар және «күшке бағынған тыныштық»; Құрама Штаттың әлемдегі ықпалын арттыру. Күшке бағынған тыныштық ұстанымын Рим императоры Адриан мен Трамп зор құрметін білдіретін АҚШ-тың Оңтүстік-Солтүстік соғысы кезіндегі президенті Рональд Рейган ұстанған еді.