Кеше, 10 қаңтар күні АҚШ пен Ресей қауіпсіздік жөніндегі алғашқы келіссөздерін Женева қаласында өткізді. Бүгін НАТО мен Ресей арасындағы келіссөз Брюссельде, ертең ЕЫҚҰ мен Ресей келіссөзіне жалғасады.
АҚШ-Ресей арасындағы сөйлесу жабық күйде өтті. Кездесудегі негізгі талқы тақырыбы Ресей тараптан: НАТО-ның шығысқа кеңеюін тоқтату; АҚШ тараптан: Украина шекарасындағы Ресей әскерлері. Ресей делегациясын СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков пен қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин басаған; ал, АҚШ делегациясын Блинкеннің орынбасары Уэнди Шерман мен қару-жарақты бақылау бойынша кеңесшісі Бонни Женкинс басқарды.
Кездесуден кейін тараптар байсалды бейнеде мәлімдемелер жасады.
Мәлімдемесінде Рябков: «Украина НАТО-ның мүшесі болмайтынына біздің көзіміз жетуі керек, бұны біз баса белгілейміз», – деген. Ол Ресей делегациясының талабы 2008 жылы Бухаресте қабыл алынған жоба қайта қаралып, «Украина мен Грузия ешқашан Солтүстік Атлантикалық Алянстың мүшесі бола алмайды» деген мәтіннің қосылуы деп көрсетті. Ресей тарабы бұның заңдық тұрғыда бекітілуін қалайды.
Ал, Украинаны басып алу мәселесі бойынша Рябковтың сөзі қысқа болды: «Біз Украинаға басып кіргелі жатқан жоқпыз, сондықтан бұл туралы сөйлесудің де қажеті жоқ», – деді.
Уэнди Шерман болса: «Біз екінші бір мемлекетке НАТО есігін жауып қоюға ешқашан жол бермейміз», – деген.
Ал, «Украинаға шабуыл жасағалы жатқан жоқпыз» деген сөзге қарата: «Олардың басып кірмейтіні жағдайды оңап, әскери казармаларын алып кеткенде ғана белгілі болады», – деп қайырды.
Тараптар жабық келіссөзде қандай келісімге жетіскені туралы мәлімет жоқ. Алда, түрлі ақпарат көздері иелеген хабарлары жарыққа шығар. Дегенмен, Ресейдің делегациясы Брюссель мен Венада НАТО және ЕЫҚҰ-мен келіссөзінен кейін ғана жалпы нәтиженің картинасын көре алатындаймыз.