27 қараша күні Алматыда үшінші кезекті «Халық құрылтайы» өтті. Оған бірқатар қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділер қатысты. Құрылтай күн тәртібінде бірқатар тақырыптарды талқылап соңында мынадай қарар қабылдады:
- ҚР президенті Қ.Тоқаевқа Қазақ елі тұрғындары атынан қойылған «Тәуелсіздікке және мемлекеттілікке төнген қауіп туралы» талап қуатталсын.
2.ҚР президенті Қ. Тоқаевқа, сенат және мәжіліс төрағалары М.Әшімбаев пен Н.Нығматуллинге Қазақ елі тұрғындары атынан қойылған «Саяси реформа туралы» талап қуатталсын.
- ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Ж.Асановқа, бас прокуроры Г.Нұрдәулетовке, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімовке Қазақ елі тұрғындары атынан қойылған « Саяси тапсырыспен жасалатын «қылмыстық істерді», қудалау-қуғындауды тоқтату туралы» талап қуатталсын.
- Қытай зауыттарын Қазақстанда орналастыруға жол бермеу үшін бүкілхалықтық қарсылық шаралары ұйымдастырылсын. Республикалық комиссия құрылсын. Оның құрамына мыналар кірсін: Ермұрат Бапи, Рысбек Сәрсенбай, Нұртаза Қадырниязов, Мирболат Мырзатайұлы, Ерқанат Тұрсынжанұлы, Есенғазы Қуандық, Шынқуат Байжанов, Арай Назар, Думан Мұхамедкәрім, Ысқақ Асанғазы, Асылбек Қараев, Қуаныш Бакирланов, Кенжебек Сұлтанбеков. Ақылдастар алқасы ұсынатын өзге де патриот азаматтар комиссия құрамына енгізілсін.
«Халық Құрылтайында» бірқатар қоғам қайтаркерлері баяндама жасады. QT порталының YouTube каналының көрермендеріне сол баяндамаларды кезегімен ұсынатын боламыз.