Жапония үкіметі Токио мен Бейжің арасындағы аумақтық дау-дамайдың тақырыбы саналатын Сенкаку (Дяоюдао) аралдарында Қытай патрульдік кемелерінің пайда болуына байланысты Қытай билігіне наразылық білдірді. Бұл туралы тұрақты баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Като мәлімдеді.
Жапония ҚХР басшылығының Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңындағы әскери қимылын күшейткеніне алаңдайды. Осыған байланысты Жапон премьер-министрі Қытайдан әскери арандатушылықты тоқтатуын талап еткен. Ал Қытай Сенкаку (Дяоюйдау) аралдары өз терроиториясы екенін алға тартып отыр. Осыған байланысты Министрлер Кабинетінің Бас хатшысы Жапония билігі Сенкаку аралдары аймағындағы жағдайды бақылау үшін бар күшін салатынын атап өтті.
2012 жылдың қыркүйегінде Токио Сенкаку аралдарын жеке меншік иелерінен сатып алу туралы жариялағаннан кейін жапон-қытай арасындағы аумақтық дау күшейе түсті. Осыдан кейін ҚХР-да Жапонияға қарсы бірнеше мәрте демонстрациялар өтті. Содан бері Қытай кемелері үнемі Сенкаку аралдарында жүреді.
1985 жылы империялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соңғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.
Екі ел де Сенкаку аралдарының егемендігін талап етеді. Дегенмен тараптар бұрыннан бері ортақ шешімге келе алмаған. Жапония биыл маусымда Сенкаку аралдарының әкімшілік округын «Тонноджо Сенкаку» деп өзгерту туралы қарар қабылдады. Ал Бейжің тарапы аталған құжатты Қытайдың аймақтық егемендігіне жасалған арандатушылық ретінде қабылдап, құжатты заңсыз деп таныған. Сонымен қатар Қытай Сенкаку аралдарын өзіне тиесілі деп мәлімдеген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?