Жапония мен АҚШ әуе күштері Шығыс Қытай теңізінде бірлескен жаттығу өткізді. Шығыс Қытай теңізінде Токио мен Бейжің арасындағы аумақтық дау-дамайға айналған Сенкаку (Дяоюдао) аралдары орналасқан.
Жапон Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аттығуға 13 F-15 истребителі және Жапониядағы екі F-2 ұшағы, АҚШ әскери-әуе күштерінің B-52 бомбардирі қатысты. Жапонияның қорғаныс министрі Нобуо Киси баспасөз мәслихатында Қытай тарапы бұл жаттығуларды қатаң бақылап отырғанын айтты.
16 сәуірде Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу өткізді. Саясаткерлердің басты тақырыбы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің іргетасы саналатын екіжақты альянсты нығайту болды. Сонымен қатар, екі ел басшылары Қытай тақырыбын да талқылады. Бұған дейін Токио да, Вашингтон да Бейжіңнің сыртқы саясаттағы ұстанымдарына, оңтүстік Қытай мен Шығыс Қытай теңіздеріндегі әрекеттеріне бірнеше рет ескерту жасаған.
2012 жылдың қыркүйегінде Токио Сенкаку аралдарын жеке меншік иелерінен сатып алу туралы жариялағаннан кейін жапон-қытай арасындағы аумақтық дау күшейе түсті. Осыдан кейін ҚХР-да Жапонияға қарсы бірнеше мәрте демонстрациялар өтті. Содан бері Қытай кемелері үнемі Сенкаку аралдарында жүреді.
1985 жылы империялық Қытаймен соғыста жеңіске жеткен соң, Сенкаку аралдары мен Тайуань Жапония құрамына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін Токио Тайуаньға басшылық ету құқығынан бас тартты. Ресми Бейжің Сенкаку аралдарын да иеленгісі келеді. Алайда, Жапония үкіметі бұл аралдар соғыс нәтижесінде аннексияланбады дейді.
Екі ел де Сенкаку аралдарының егемендігін талап етеді. Дегенмен тараптар бұрыннан бері ортақ шешімге келе алмаған. Жапония биыл маусымда Сенкаку аралдарының әкімшілік округын «Тонноджо Сенкаку» деп өзгерту туралы қарар қабылдады. Ал Бейжің тарапы аталған құжатты Қытайдың аймақтық егемендігіне жасалған арандатушылық ретінде қабылдап, құжатты заңсыз деп таныған. Сонымен қатар Қытай Сенкаку аралдарын өзіне тиесілі деп мәлімдеген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр