Тіл...  Қоғамдағы «тізесі шыққан» тақырыптардың тәжі. «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп Конституцияның дуалы сөзімен айқындалған мемлекеттік тіл мәселесі тек «Тіл туралы» заң аясында қарастырылған. «Мемлекеттік тіл» туралы арнайы заң қабылдау туралы тіл жанашырлары мен қоғам белсенділерінің уәжі шешусіз қалғалы қашан.  «Тіл заңының» 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деп жазылғанымен, жұрттың бұл парызды өтеуде «жауапкершілік» деңгейі жетпей жатқан секілді.

Оның айғағы ретінде мемлекеттік мекемелердегі, министрліктердегі, әкімдіктердегі және операторлық ұйымдар мен банк секторларындағы  мемлекеттік тілдің көбіне-көп аударма тілге айналғанын айта аламыз.

Жарты ғасырдан астам бірге өмір сүрген одақтас әрі тағдырлас Балтық жағалау елдері (Литва, Латвия...) біз қатарлы Тәуелсіздік жариялаған соң-ақ мемлекеттік тілдерін өз тұғырына нықтап қондыра білді. Ел азаматтары ұлт-нәсіліне қарамастан мемлекеттік тілде қатынасады, қоғамдағы тілдік материалдар түгелдей тіл инспекциясының үздіксіз бақылауы арқылы тіл тазалығы мен ақпараттың берілу сауаттылығы бізбен салыстыруға келмейтін дәрежеге көтерілген.

Жә, біздің өркениет пен байсалды өрнектерде шетел тәжірибесін байқамай қалып, арзан, жеңіл дүниеде көрсеқызарлыққа салынып, ессіз еліктейтін әдетіміз бар ғой. Ұмытып кетіппін. Әйтсе де, жер шарындағы жалғыз көпұлтты ел емес екенімізді еске алғанымыз жөн болар.

The Qazaq Times азаматтық қоғам белсенділерінің талай бастап, үзіліп қалған игі дәстүрін қайта жалғамақ. Ауруын жасырған өледі. Ендеше айналаңыздағы заңсыздыққа 6 тарау, 27 баптан тұратын  1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданған «ҚР-сындағы тiл туралы» №151 Заңының призмасымен қарап,  «мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын» (4 бап) қазақстандықтарға ортақ тіліміздің дамуына атсалысыңыз!

Мемлекеттік тіл қаншалықты сауатты қолданылуда деген ой ізімен ізденісіміздің әлқиссасы ретінде ірі мегаполис Алматы шаһарынан бастадық. Сән-салтанаты жарасқан, өткені мен бүгінінен естелігі бар, болашағын байланыстырғысы келетін контингенті әр алуан қала ай аунап, жыл жылжып өзгеруде. Алатау еркесінің жүрегі кәсіпкерлік сала десек, оның қантамыр айналымы жарнаманың қозғаушы күшімен жанданып жатқанын ешкім жоққа шығара алмас. Құрылыс, көше, ғимарат, тауар атаулары, сауда-саттық орындары, ойын-сауық орталықтары, дүкендер мен супермаркеттер және т.б. көптеген нысандардың атаулары, жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуы мен эстетикалық безендірілуі, көрнекі ақпараттар – қала көркінің басты көрсеткіші.

Дербес бағдар-саясаты бар Тәуелсіз ел болғанымызға 28 жыл өтсе де, ономастикалық атаулардың толық алгоритімін іске асыратын бірізді, орталықтандырылған, автоматизацияланған, тіл саясатымен мықтап айналысатын уәкілетті құрылым құра алмадық.

Тіл тазалығының айнасы сауатты көрнекі ақпараттар десек, «Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi» жайлы «Тіл туралы» заңның 21-бабында көрсетілгендей: «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады». Демек, көшедегі студенттің үлестіріп тұрған техникалық дүкеннің брошюрасынан бастап кез келген мейрамхана, тамақтану орындарының ас мәзіріне дейін мемлекеттік тілдегі нұсқасы болуы тиіс. Бірақ біз зерделеген Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан 3,5 шақырымдық М.Әуезов көшесінің (Тимирязев және Гоголь көшелерінің арасындағы) өзінен қателіктен көз талады. Кәсіпкерлікті қолдау деген – қателікке көз жұма қарау емес. Заңсыздықтың бір атауы – «қателік».

Нысандардың шетел тілінде аталуына артар еш кінәміз жоқ, ол кәсіпкердің өз таңдауы, дегенмен қазақша атауды намыс көріп жүрген алматылықтарға Лондонда «Дастарқан» мейрамханасын ашқан қандасымызды үлгі етуге болады. Қазақстандық бизнес нарығының зор мүмкіндіктері мен қазақ тілді аудиторияның үлес салмағының артып келе жатқанын   ескерген кәсіпкерлік сала сарапшылары мемлекеттік тілдегі маркетинг мен сервис-тауардың болашағы табысқа бөлейтінін айтады.

Жоғарыдағы бір ғана М.Әуезов көшесінде мекеме мәртебесін анықтаушы сөзге қатысты кемшілік шаш етектен. Қала ішінде «жарымжан» жазбалар мен «мешеу» маңдайшалар самсап тұр. Мынадан кейін биыл өз мәресіне жететін «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» паспортының күтілетін нәтижелер тізімінде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2016 жылы – 80%, 2017 жылы – 83%, 2018 жылы – 85%) 2019 жылы – 90% құрайды дегені көңілге күдік келтіреді. Әлде, біз куә болған М.Әуезов көшесінің тұрғындары межеленген индикатордың сыртындағы 10%-ына кіре ме екен? Қызық!

Бағдарлама міндеттері қатарында көрсетілген «мемлекеттік тілге сұраныс пен қолдану мәртебесін арттыру» мәселесі әлі де заңдық тұрғыда Тілдерді дамыту басқармасының, ерікті Тіл жанашырларының құқықтық талап етушілік мүмкіндігін күшейтуді қажет етеді.

Алдағы уақытта, редакция қаланың өзге де көшелері мен ондағы нысандардағы тілдік  заңнаманың іске асырылуын зерттеп, назарларыңызға ұсынатын болады.

Мемлекеттік тілде нысан мәртебесін анықтайтын ақпараты жоқ қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Тимирязев-Әуезов көшелерінің қиылысы. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде нысан мәртебесін анықтайтын ақпараты жоқ қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Тимирязев-Әуезов көшелерінің қиылысы. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде нысан мәртебесін анықтайтын ақпарат берілмеген қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Тимирязев-Әуезов көшелерінің қиылысы. Алматы қ. Фото: QT

"Аяқ киімді" қос сөз есебінде дефис арқылы жазу пунктуациялық қателік. Ең жиі кездесетін олқылық түрі. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 138 "Б" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Мұнда да "Аяқ киім" сөзі дефис арқылы қате жазылған. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 138 үй. Алматы қ. Фото: QT

"Салон красоты" нысан мәртебесін айқындаушы ақпараттың мемлекеттік тілдегі үлгісі берілмеген сервис орталығы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 136 үй. Алматы қ. Фото: QT

 

 

"Японский магазин" деген атау немесе нысан мәртебесін айқындаушы ақпарат екені түсініксіз дүкен. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 130 үй. Алматы қ. Фото: QT

"Іn mode man" атауымен берілген мемлекеттік тілде ешбір ақпараты жоқ нысан. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 173 үй. Алматы қ. Фото: QT

Қосымша көрнекі ақпараттары тек орыс тілінде жазылған "Тут Шик Уют" атауындағы нысан. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 171 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде ешбір мәлімет көрсетілмеген "Butun & Tony Bellucci" атаулы нысан. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 167 үй. Алматы қ. Фото: QT

"Құйылмалы Сусындар Дүкені" деп жазылуы тиіс маңдайшада "Ұ", "У", "Ү" әріптері бірдей "У" түрінде берілген. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 122 үй. Алматы қ. Фото: QT

"Аяқ киім" сөзі қосарланған түрде дефис арқылы берілген шеберхана. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 120 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілдегі нысан мәртебесін айқындаушы ақпараты жоқ туристік компания маңдайшасы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 104 "Б" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Нысан мәртебесін айқындаушы және қосымша мәліметтері тек өзге тілдерде берілген кофехана. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 104 "А" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Маңдайшасында мемлекеттік тілде негізгі ақпараты жоқ дүкен. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілдегі мәліметі мүлдем жоқ "І credit" қаржылық ұйымы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 112 үй. Алматы қ. Фото: QT

Дұрысы "өнімі" деп жазылуы тиіс "Алатау-құс" дүкені. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 112 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мұнда да "Аяқ киім" тіркесі қосарланған түрде дефиспен қате берілген. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 104 "Б" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Ақпараты тек ағылшын тілінде берілген нысан. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

"Не скучный сад" атауымен белгілі кафенің мемлекеттік тілде нысан мәртебесін айқындайтын мәліметі жоқ. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 84 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде ешбір ақпарат көрсетілмеген "Dega optical" мекемесі. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 129 "В" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Нысан мәртебесін айқындаушы ақпараты тек орыс тілінде берілген "Jainamed" орталығы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 129 "В" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Атауы ағылшын тілді, мемлекеттік тілде ешқандай мәлімет көрсетілмеген мекеме. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 111 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде ешқандай мәліметі жоқ #ПряныйКролик аталатын қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 109 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілдегі "Сағат" сөзінен өзге ешбір ақпараты жоқ нысанның сол жақ қасбеті. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 105 үй. Алматы қ. Фото: QT

"Пекарня" аталатын көрнекі материалдары тек орыс тіліндегі наубайхана. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Нысан мәртебесін айқындаушы сөзі тек ағылшын тілінде берілген "Zugo" дүкені. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 99 үй. Алматы қ. Фото: QT

Көрнекі жанама ақпараттарынан тыс негізгі маңдайшасы тек орыс тілінде жазылған қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Мәліметтері тек ағылшын тілінде берілген мекеме. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 69 үй. Алматы қ. Фото: QT

Атауы орыс тілінде, ал құрылымы қазақша көрсетілген тақтайша. Дұрысы "Әуезов көшесі" болуы керек. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 67 үй. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде ешқандай мәлімет бермеген мекеме. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 64 үй. Алматы қ. Фото: QT

Атауы "Shipudim" шетелдік болғанымен, заңнамаға сай нысан мәртебесін айқындайтын маңдайша жазуы сол жағында мемлекеттік тілде "кәуапхана" деп көрсетілген. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 56 "Г" үйі. Алматы қ. Фото: QT Бірақ ақ түсті қаріппен шетелдік тілде жазылған еңселі ғимараттың маңдайшасында мемлекеттік тілде ешқандай мәлімет берілмеген. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі, 56 "В" үйі. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілде нұсқасы берілмеген маңдайша. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Ешбір қосымша мәліметі көрсетілмеген қытайлық "Shinhan finance" банк ұйымы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

"Мята" қоғамдық орнында да мемлекеттік тілде ешқандай ақпарат берілмеген. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Негізгі және қосымша ақпараттары тек орыс тілінде көрсетілген құрылыс тауарлары нысаны. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Атауынан өзге ешбір мәліметі жоқ дүкен. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Компьютерлік құрылғыларға арналған "ВТТ-Казахстан" аталатын дүкеннің көрнекі ақпараттары түгел тек орыс тілінде орнатылған. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Мемлекеттік тілдегі баламасы жоқ жарнама тақтайшасы. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

Ақпараттары ағылшын және орыс тілдерінде ғана көрсетілген қоғамдық тамақтану орны. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

"ZOO MARKET" аталатын жануарлар дүкенінің де мәліметтері тек орыс тілінде көрсетілген. Мемлекеттік тілдегі нысан мәртебесін айқындаушы ақпараты жоқ мекеме. 7 тамыз 2019 жыл. Әуезов көшесі. Алматы қ. Фото: QT

“The Qazaq Times”