Жайық өзеніндегі балықтар жаппай қырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
Қазіргі күннің өзінде Жайық жағасына 121,7 тонна өлі балық жиналған. Оның ішінде 103 тонна бекіре зауыттарының балықтары. 100 тоннаға жуық өлі балық өртеу арқылы жойылды. Ал өткен аптада сенбілік кезінде 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық табылды.
2018 жылдың 10 желтоқсанынан бері «Қазгидромет» РММ Жайық өзеніндегі су жағдайына мониторинг жүргізіп келеді. Зертханалық сынамалар ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейін көрсетпеген. Алайда, судағы балықтардың жаппай қырылуы ірі экологиялық мәселе саналады. Осыған қатысты 15 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы бойынша төрт компанияның күдікке ілінгенін» хабарлаған болатын. Осы іс бойынша Атыраудағы ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілді.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиға бойынша «Суды ластау, қоқыстау немесе сарқу» (328-бап) және «Бөтен біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» (204-бап, 2-бөлім) баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетер болсақ, қырылған балықтардың басым бөлігі (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады. Қазіргі уақытта Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 миллион теңге бөлді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел