Ішкі істер министрлігі Қарағандыда болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Жанат Сүлейменов желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні Қарағанды қаласында болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
«Тергеу жұмыстары барысында қонақтар тарапынан 14 адам және мейрамхана персоналы тарапынан 9 адамның төбелеске қатысқаны анықталды. Егер сіздер фотосуреттен байқасаңыздар, мейрамхана аумағы мен залы үлкен территорияға ие. Сол күні мейрамханада 400-ге жуық адам болған. Түнгі үште олар мейрамхананы жабады. Түнгі сағат төртте қонақтарға мейрамхананың жабылатыны жөнінде ескертілген. Дәл осы ескерту төбелестің басталуына себеп болған. Осыдан кейін қонақтар мен персонал өкілдері сөзге келіспей қалған. Бұның арты жаппай төбелеске ұласқан» - деді Сүлейменов.
Естеріңізге салайық, қаңтар айының 1-і күні Қарағанды қаласындағы «Ежелгі Рим» мейрамханасында армян этносы мен қазақтар арасында кикілжің болып, 1 адам көз жұмған. Осыдан кейін ІІМ төбелеске қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қамауға алып, негізгі күдікті Гурурян Нарекке халықаралық іздеу жариялаған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?