Соңғы уақытта Ресей нөміріндегі көліктер тақырыбы қоғамдық талқының ең негізгі тақырыбына айналды. Осыған байланысты бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев өзінің пікірін білдірген.
Әсет Шындалиев ең алдымен бұл көліктердің қазақстандық көлік емес екенін баса ескертті және олардың арасында іздеуде немесе қылмысқа қатысты көліктердің де бар екенін алға тартқан.
«Мен бұл мәселемен айналыспаймын. Сіздер секілді мен де ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана біліп отырмын. Білеуімше, ІІМ қазір ол іспен айналысып жатыр. Ең қиыны, бұл жерде көліктерді тіркеуде ғана емес, ол көліктердің бір бөлігінің іздеуде жүргендігінде, тіпті біразы есептен шығарылып, бізге тіркелмеген», – дейді Ә.Шындалиев пікірінде.
Бұған қоса бас прокурордың орынбасары: «Арасында қылмысқа қатыстысы, тіркелгені, ұрланғаны дейсіз бе – бәрі бар. Оларға нөмір таға салған да жүре ерген. Бұл көліктерді теуіп жұргендер жағынан бұл заңсыз. Бәріміз де заматтармыз, заңға бағынуымыз керек. Егер заң бойынша көлікті тіркеу бізге міндетті болса, тіркелуіміз керек. Сіздің де, біздің де амандығымыз үшін тәртіп солай болуы тиіс», – деген Әсет Қазақбайұлы.
Ресей нөміріндегі көліктері бар қазақстандық азаматтар әр жерде ІІМ тарабының қысымына наразылықтарын білдіріп жатыр. 8 қарашада ел астанасында ондаған азамат қысымды тоқтатып, заңдастырып беруді, көліктерін айыппұл тұрақтарынан шығаруды талап еткен еді. Ал, 9 қарашада Ақтөбе қаласында жүз шақты жүргізуші ұқсас талаппен «Нұр-Отан» партиясы ғимаратының алдында жиналған болатын.